ДИКТОР: Ғарыштық түсірілімдер негізінде Ақмола облысының үш ауданы мен ірі үш қаласы аумағында ғана 200-ден аса заңсыз қоқыс орны анықталды.

РКС: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әзірге оның 50-і жойылды. Жалпы, өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға арналған 130 жер телімшесі бөлінген. Оның тек 25-і ғана заңдастырылды.

СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Заңсыз қоқыс орындарын тиісті деңгейде жою жұмыстарын жүргізбегені үшін жергілікті атқарушы органдарының 21 лауазымдық тұлғасы бүгінгі таңда жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Жалпы, жыл сайын бізде мониторинг жұмыстары жүргізіледі. «Таза Қазақстан» концепциясы аясында осы жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оны порталға салып, бақылауға алынып отырады.

РКС: Ресми полигондардан тыс жерлерге қоқысты бей-берекет төгу – үлкен экологиялық, әрі санитарлық түйткіл туғызады. Мәселен, Көкшетаудың сыртындағы мына орынға тек тұрмыстық емес, құрылыс қалдықтары төгілген. Бүгінде оны жою жұмыстарымен «Көкше Тазалық» серіктестігі айналысып отыр.

СНХ: БАЙНИЯЗ ЖАНИЯЗ, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Күніне екі погрузчик шығады, 6 камаз. Күніне 2-3 рейстен әрқайсысы жасайды Красный Яр полигонына. Полигонымыз кубынан 1500 теңге алады. Камаздар 13 кубтан, үлкен артылған техникалар 20 кубтан күніне 2-3 рейстен шығарамыз каждый КамАЗ.

РКС: Жалпы, өңірде талапқа сай салынған полигондардың үлесі 20%-ға да жетпейді. Әзірге тек Бурабай мен Зеренді аудандарында ғана қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салу жобасы әзірленген. Ал жиналған қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін облыста әзірге бірде-бір кәсіпорын жоқ.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ