ДИКТОР: Жасанды интеллектіні дамыту – цифрлық трансформацияның басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында болашақты жасанды интеллектсіз елестету мүмкін еместігін айтты.
РКС: Мемлекет басшысы жасанды интеллектті енгізу стратегиясымен бірге Цифрлық кодексті қабылдауды жеделдетуді тапсырды. Бұл технологиялар экономикаға, мемлекеттік қызметтерге және азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер етпек. Ал көкшетаулықтардың жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері туралы ойлары қандай? .
СНХ: БЕКЗАТХАН БАТЫРХАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы жақында Президентің жодауы шықты жасанды интеллект туралы мен онымен толықтй келісемін. Неге? Өйткені, универде жасанды интеллектпен адам деген өзінің өмірін жеңілдетеді. Мен өзім онымен қолданамын. IT университетті бітірдім осы жақында, ол жерде бізде соған байланысты проектер болды, қазіргі ол кәсіпкерлерге өзімнің ықпалын тигізеді, документация жағы болсын. Оның екінші жағы бар ол мошенниктердің алдауы, мысалы қазіргі кезде жасанды интеллект қатты дамыған. Адамдардың дауысын шығара алады, өзінің туысқандарының дауысын шығара алады немесе видеолардың түрлерін, адамдарды қорғану керек.
РКС: Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі жасанды интеллект бизнесте де, білім саласында да жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Бірақ, ол жауапты көзқарасты қажет ететініне де назар аударылды. Бұл әсіресе заманауи технологияларды белсенді меңгеріп келе жатқан жастар үшін өзекті.
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ал оны қазіргі уақытта жастарға өте қызықты жеткізу үшін және де ол ақпаратты дұрыс болу үшін біз жасанды интелектті қолданып, нақты ақпаратты береміз деген ойдамыз.
РКС: Көкшетау тұрғындарының айтуынша, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту цифрлық қауіпсіздік мәселелерімен қатар жүруі тиіс. Инновациялар қоғамға пайда әкеліп, тұрақты дамуға жаңа мүмкіндіктер ашуы маңызды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.