ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының басым бағыттарын айқындап берді. Цфирландырң, жасанды интеллекті енгізу, білім беру саласын жаңғырту бастамалары жастар тарапынан қолдауға ие болуда. Әсіресе болашаққа осылар арқылы нық қадам басуға болатынын сезінген студенттер Жолдаудың жүзеге асырылатынына сенімді.

РКС: Цифрлық технология қазіргізаманғы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Электронды кітаптар, ақылды платформалар, бір демде білімге қолжетімділік. Мұның бәрі ғажайып ертегі емес, шындық. Қазір еліміздегі мектептер мен жоғары оқу орындарының бағдарламаларына қарқынды қосылып жатыр. Жастар бұл бағытты қолдап отыр.

БЛИЦ-САУАЛ:

РКС: Болашақ – жоғары технология мен білімге деген ақылды тәсілде. Жастар Президенттің айқындап берген бағытын қолдаумен қатар, оның қозғаушы күшіне айналуға дайын екендерін жеткізуде. Цифрлық мемлекет тартымды ұрпақтан басталады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ