ДИКТОР: Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 100 курсанты ант берді. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, Академия бастығы Жұмабек Хасенов, сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар бөлімшелерінің басшылары мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Салтанатты шара Мемлеттік туды көтеруден және әнұранды орындаудан басталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегелі академия қабырғасынан 4 мамандық бойынша 7 мыңнан астам курсант түлеп ұшты. Қазір оқу ордасының қабырғасында 1 мыңнан астам курсант білім алуда. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев курсанттарды маңызды күнмен құттықтап, ант беру - өз халқына және еліне адал болу екенін атап өтті. Сонымен қатар, келер жылы есігін айқара ашатын жаңа академияны да тілге тиек етті.
СНХ: КЕГЕН ТҰРСЫНБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Академия - қазіргі заман талаптарына сай кәсіби құтқарушыларды дайындайтын еліміздегі жалғыз арнайы жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа академиямыздың құрылысы басталып кетті. Сіздердің әр қайсысыларыңыз үшін өмір бойы есте сақталатын, азаматтық қорғау органдарына абыроймен және әділ қызмет етуге берген салтанатты анттарыңызға берік болыңыздар.
РКС: Курсанттар абыроймен қызмет атқаруға және оларға артылған үмітті ақтауға ант берді. Бұл мамандықтың ауырпашылығынан қорықпаған ерлер қатарында нәзік жандылар да бар. Солардың бірі Зеренді ауданына қарасты Ортақ ауылынан келген Әдия Дүйсембина. Ол бала кезден осындай жауапты да, күрделі мамандық иесі болуды армандаған.
СНХ: ӘДИЯ ДҮЙСЕМБИНА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ: Азаматтық қорғау оқуына өз еркіммен түстім. Өзімнің бала күнгі арманым. Ата-анамның қолдауымен осында түсіп отырмын.
СНХ ДЛЯ РУСС РЕД!!! ДЕНИЗ ЦВЕТКОВ, КУРСАНТ АКАДЕМИИ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ ИМЕНИ М.ГАБДУЛЛИНА: Я поступил с департамента СКО. Поступил сюда потому что очень нравиться эта профессия. В дестве увидел пожарных , их работу и решил что стану таким же.
РКС: Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ата-аналар да қатысып, маңызды сәтке куә болды. Әрі перзенттерінің алдағы қызметіне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Солардың бірі Шымкент қаласынан келген Жанар Нұржанбаева.
СНХ: ЖАНАР НҰРЖАНБАЕВА, КУРСАНТТЫҢ АНАСЫ (ШЫМКЕНТ Қ.): Мен үшін ерекше күн болып тұр. Себебі, балам осы Мәлік Ғабдуллин атындағы академияға түсіп, салтанатты түрде ант қабылдап, осы академияның курсанты атанып жатыр. Біз осы баламыздың қуанышына ортақтасып ант қабылдау рәсіміне Шымкент қаласынан келіп тұрмыз. Осындай елін сүйетін, Отан қорғайтын, еліне адал қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеп, шығарып жатқан академия ұжымына алғысымыз шексіз!
РКС: Айта кетейік, биыл академияға 6 қыз оқуға түсті. Салнатты шара аяқталғаннан кейін курсанттар жауынгерлік дайындық шеберліктерін көрсетіп, саптық жүріспен жүріп өтті.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ