ДИКТОР: «Заң және тәртіп» – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында осылай деді. Қоғамда осы қағидатты орнықтыру үшін Мемлекет басшысы барлық салалық органдарға бұл мәселеге қатысты ортақ көзқарас пен ұстаным қалыптастыруды тапсырды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде бүгін «Заң клиникасы» ашылды.
РКС: «Заң клиникасы» – азаматтардың тегін құқықтық көмек алатын орнына айналмақ. Бұл жерде заң консультанттары, жеке сот орындаушылары, нотариустар мен адвокаттар және әділет департаментінің мамандары кеңес береді. Бұл аймақта халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараның бірі.
СНХ: БАУКЕН ӘЛМЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Дүйсенбі күні Елбасы Қазақстан халқына жалдауында мызғылмас бір бөлігі Заң және тәртіпті айтып отыр. Заң және тәртіп дегеніміз қазіргі танда әділет органдардына жүктелген басты мақсатын бірі – жастардың арасында құқықтық сауаттылығын арттыру. Және шалғай жатқан аудандардағы азаматтардың құқықтық денгейін арттыру. Бұл жерде жастардың арасында заң студенттермен бірлесіп, осы клиникамыз базасымыз пайдалану. Бұл жерде бірінші Президентіміз тапсырма берген. Өткізілген Құрылтайда, өзінің Жолдауында. Жастардың сауаттылығын көтеру. Осы деңгейде Әділет министрінің тапсырмасына сәйкес бүгін бүкіл Қазақстан аумағындағы Жоғары оқу орындарында, бүкіл облыстарда қазіргі таңда ашылуда.
РКС: Элеонора Далабаева құқық кафедрасының 4-ші курс студенті. «Заң клиникасынан» алатын тәжірибесі оның болашақ мансабына оң ықпал ететініне сенімді.
СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Осы заң клиникасы ашылды кафедрамызда. Бұл бізге, барлық студенттерге жалпы айтқанда өте тиімді. Себебі осы заң клиникасы арқылы біз көптеген құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Және де сол істеген жұмыс арқылы біз болашаққа озімізге көптеген қажеттіліктерімізді аламыз. Егер де оқу бітіргеннен кейін бізге жұмысқа орнасу керек болса, біз сол кісілерге өзіміздің тәжірибемізді көрсетіп, олардан тәжірибені алып, сол арқылы бір-бірімізге ақпарат алмаса аламыз. Менің ойымша, 1-2-ші курс студенттерге де бұл деген үлкен тәжірибе болады. Бұл арқылы олар көптеген білім алып, басқа да, жұмыстарды қалай атқару керегін ұғынады деген ойдамыз.
РКС: Әділет органдары мен заң саласының қызметкерлері әзірше тәжірибені түсіндірумен айналысады, осылайша студенттер теорияны мегеріп алады,-дейді оқытушы.
СНХ: БАҒДАТ РАХМЕТУЛИНА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл шара болашақ мамандар мен заңгерлерді даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ біз осы заң клиникасының негізінде шағын білікті заңгер-консультті енгізбекшіміз. Ол жерде студенттер тәжірибе жинақтайды. 3-ші курсты аяқтаған слң осы шағын біліктілікті алып шығады.
РКС: Айта кетейік, салтанатты барысында оған қатысушылар көпжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ