ДИКТОР: Нысандарды аралаған соң облыс әкімі Марат Ахметжанов Жарқайын ауданының тұрғындарымен кездесіп, одан соң азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Аймақ басшысының қабылдауына келгендер негізінен тұрғын үй, жер алуға қатысты сұрақтарын ортаға салды. Сонымен қатар, өздері тұрып жатқан елді мекендегі әлеуметтік нысандарды, жолдарды жөндеу сынды қоғамдық мәселелермен келгендер де болды.
РКС: Алдымен аймақ басшысы Марат Ахметжанов халықпен кездесіп, жағымды жаңалықтармен бөлісіп, президент Жолдауын жеткізді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өткен аптада ғана Президент Қазақстан халқына Жолдау жасады. Сонда әр салада қандай жұмыстар мен әрекеттерімізді жасайтынымызды белгілеп кетті. Бүгінгі таңда ең бастысы ол қазіргі осы біздің өндістерімізді жаңғырту, жасанды интеллект, цифрлық жүйені қолдану.
РКС: Аудан тұрғындарының айтуынша, өңірде ақ халатты абзал жандар жетіспейді. Қарт адамдарға облыс орталығына келіп, кету оңайға соқпайды. Аймақ басшысының қабылдауына келген аға буын осы мәселені жан-жақты көтерді.
ИНТЕРШУМ: Бізде осы районда дәрігерлер жетіспейді. Дәрігерлер өте керек мамандық. Енді айтарым Пятигорск завхозында амбулатория салынып, бітіп жатыр. Сол жерге дәрігерлер қажет болады. Соған қалай көмектесер едіңіз?
- На сегодняшний день 7 врачей является дефицинтоми в ЖАркайынском районе. Это врачи УЗИ, анколог, кардиолог, фармаценный терапевт. А также 11 средного медицинского персонала. Но надо отметить очень важно в этом году уже прибыли 8 врачей.
РКС: Жеке қабылдауға келген аналар балаларының өмірі үшін күнде алаңдаулы. Себебі, көпқабатты баспаналардың бірінде балконның жақтауы тым төмен орналасқан. Одан бөлек жаңбыр жауса, шұрық тесік шатырдан су кетеді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Өңір басшысының қабылдауына келген азаматтардың арыз-шағымдары жауапсыз қалмайды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жауапты сала мамандарына тиісті мерзім ішінде жедел түрде шараларды қабылдауды міндеттеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ