ДИКТОР: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалында Ашық есік күні өтті. Іс-шара диалог форматында ұйымдастырылып, оған жүзге жуық кәсіпкер қатысты. Қатысушылар өз істерін жүргізуге қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарымен және бағдарламаларымен танысты.
РКС: Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында кәсіпкерлік белсенділікті арттыруда даму институттары маңызды роль атқаруы тиіс екенін атап өткен болатын. «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есқақов Көкшетауға арнайы келді. Ол кәсіпкерлердің сұрақтарына жеке жауап беріп, жаңа мемлекеттік бағдарламалар – «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы мен Кепілдік қоры жобаларын таныстырды.
СНХ: ЕРБОЛ ЕСҚАҚОВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ» ҚОРЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бағдарламалардың шарттары кәсіпкерлерге егжей-тегжейлі түсіндірілді. Жобаларды қарау тәртібі, экономикалық қызмет түрлерініңжалпы классификаторы,қаражатты мақсатты пайдалану және кері міндеттемелер туралы айтылды. Ауыл шаруашылығына көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру бойынша субсидиялау, кепілдендіру, жеңілдетілген несиелеу сынды бағыттар қамтылды. Биылғы сәуір айынан бері Ақмола облысында «Өрлеу» және Кепілдік қоры аясында жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 12,6 проценттік жылдық мөлшерлемемен шартты қаржыландыру жобалары, ал Кепілдік қоры арқылы 9 млрд теңгеге жобалар қолдау тапты. Жалпы қолдау сомасы – 83 млрд теңге.
РКС: Қордың өңірлік филиалының ұжымы, бухгалтерлік есеп, заң, бизнес-жоспарлау және салық төлемдері бойынша мамандар кәсіпкерлерді жеке қабылдап, тегін кеңес берді. Көкшетаулық кәсіпкер Ольга Голубенко шағын кәсіпкерлікке енді ғана бет бұрған. Сондықтан бұл кездесуге қатысып, жан-жақты ақпарат алсам деп келіпті.
СНХ – ОЛЬГА ГОЛУБЕНКО, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Мұндай іс-шаралар барлық кәсіпкер үшін өте пайдалы. Шағын және орта бизнеске қолдау зор. Біз құрылыс материалдарын тасымалдау қызметі үшін автокөлік алғымыз келеді. Сәйкесінше автолизинг туралы білгіміз келді. Газель немесе Қытай автокөлігін лизингке алу мүмкіндігін білдік. «Даму» қорының ұжымына алғыс айтамын. Бәрін түсінікті тілмен жеткізді. Кеңестің бәрі тегін берілді.
РКС:Сондай-ақ кәсіпкерлер жеңілдетілген несие, субсидия, кепілдендіру бағдарламаларының шарттары, екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу мәселелеріне де қызығушылық танытты. Айта кетейік, «Даму» қорының Ашық есік күндері еліміздің өзге өңірлерінде жалғасады.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ