ДИКТОР: Президенттің Жолдауындағы өзекті тақырыптарды талқылауға «Байтақ» Жасылдар партиясы да белсенді кірісті. Студенттермен кездесуде жастардың болашағына қатысты маңызды мәселелер кеңінен қаралды. Жиында «Таза Қазақстан», жасанды интеллект, инвестицияға қатысты Жолдаудың негізгі бағыттары, олардың жастар өміріне әсері талқыланып, олардың пікірлері тыңдалды. Оқу жүйесіне жасанды интеллектті енгізуге жастардың көзқарасы қандай? Әріптесім Сәния Есімсейітова баяндайды.

РКС: Жастар – елдің ертеңі. Болашақта барлық жауапты саланың мамандары – бүгінгі студенттер. Сондықтан Президент Жолдауында көтерген тақырыптарды олардың санасына ашық әрі нақты жеткізу – аса маңызды міндет. Осыған орай «Байтақ» жасылдар партиясы студенттерге елімізде болып жатқан әрбір маңызды іс-әрекетті түсіндіріп, оларға саясат туралы дұрыс түсінік қалыптастыруды басты міндет етті.

СНХ: АСЫЛБЕК БАЯЖҰМА, «BAYTAQ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әр азамат өз елінің президенті, әр елдің практикалық жұмысы мемлекетке байланысты. Сол себепті әр мемлекеттің, әр отбасының бюджет мәселелері, көрші елдермен дипломатиялық қатынастары сияқты көптеген проблемалары бар, және бұл мәселелер жастар арасында да кездеседі. Сондықтан әрқайсымыз осы саясаттың бір бөлігіміз. Бізсіз саясаттың жүзеге асуы мүмкін емес. Екіншіден, ертеңгі еліміздің болашағы – осы жастар, яғни ертең бізді басқаратын жастар. «Байтақ Жасылдар» партиясының басты мақсаттарының бірі – экологиялық тазалықты сақтау. Президенттің «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдауы осы бағыттағы маңызды қадам. Көкшетау өңірінде біз керемет табиғатқа ие болып отырмыз. Сондықтан біз бұл табиғатты таза, қорғалатын күйде сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге жауаптымыз.

РКС: Әр салада ғана емес, оқу орындарында да жасанды интеллектті кеңінен енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда студенттер жаңашылдықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Жасанды интеллектпен жұмыс жасау өте ыңғайлы, дегенмен, кері әсерлері де бар,-дейді олар

СНХ: ЕГОР ШЕЛЬ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мемлекет басшысының Жолдауында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі көтерілген. Сол арқылы арқылы медициналық қызметкерлердің жұмысын жақсартуға да болады. Менің ойымша, жасанды интеллектсіз өмір қарапайым болар еді, алайда оның көмегімен жұмыс істеу мен оқыту әлдеқайда ыңғайлы болады. Мысалы, қандай да бір мәселе түсініксіз болса, жасанды интеллект арқылы дәстүрлі интернеттен гөрі көбірек ақпарат алу мүмкіндігі бар. Бұл тұста негізгі ойларды жүйелеп, оларды кесте немесе презентация түрінде көрсетуге болады. Жасанды интеллектінің кемшіліктерін айтатын болсақ, ең алдымен, қазір оның көмегімен жиі алаяқтық әрекеттер жасалуда.

РКС: Экологиялық және әлеуметтік мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Әрбір студенттің пікірі тыңдалып, ойлары ортаға салынды. Бұл жастардың білімін кеңейтіп, қазіргі кезеңнен саясатты дұрыс түсінуіне ықпал етіп, олардың ертеңгі жарқын болашағына жол ашады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ