ДИКТОР: Биыл Жарқайың ауданының тұрғындары үшін қолайлы жыл. Себебі, 100-ден астам отбасы жақын арада қоныс тойын тойламақ. Одан бөлек жергілікті тұрғындар жуырда сапалы ауыз сумен қамтылады. Өңірге жұмыс сапарымен барған Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен кездесіп, осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. Жарқайың ауданы қазіргі таңда қалай дамып жатыр? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Бұл Жарқайың ауданындағы №17-ші және №19-шы шағын ауданындағы көпқабатты үйлер. Қабырғасы өткен ғасырда қаланғанымен, құрылыс жұмыстары соңына дейін жетпей, тоқтап қалған. Енді бұл үйлерге жаңа дем берілуде. Қараша айының соңында жаңғырту жұмыстары аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары 70 процентке дайын.

СНХ: ТЕМІРЛАН СЕРІКОВ, МЕРДІГЕР: Қазіргі таңда 60 пәтерлі бес қабатты үйдің реконструкциялау жобасы басталды. Обьектіде 32 адам жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда ішкі жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы 10 күннің ішінде сыртқы жұмыстарын бастаймыз. Сыртқы құбырларды барлығын өткізгеннен кейін сыртқы жұмыстарға кірісеміз. Барлығы біздің мойнымызда. Біз сыртқы құбырларға дейін ауыстырып жатырмыз.

РКС: Баспананың жөндеу жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы Марат Ахметжанов сапаға баса назар аударуды қатаң ескертті. Себебі, бұл үйлер қараша айында көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы жандарға берілмек.

ИНТЕРШУМ: Следите! Вот так чтобы не было как я прошлый раз пришел. То этого нету, этого нету. Еще раз хочу сказать здесь будут получать квартиры многодетные матери, люди социально уезвимые, пенсионеры. У них нет возможности приходить и доделывать что-то. То есть должно быть качественные окно, качественные двери, качественный линолеум, оборудование, свет, тепло. Чтобы они могли приехать мебель расставить и жить.

РКС: Кейін аймақ басшысы 5 жыл бұрын реновация бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен Надежда Крупская атындағы орта мектебіне барды. Білім ошағы 60-жылға жуық жөндеу көрмеген. Бүгінде мұңда 500-ден астам оқушы үшін қолайлы жағдай жасалған.

СНХ: МИЛАНА ПОДРЕЗОВА, Н.КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Біз белсенді жұмыс жасап, түрлі байқауларға қатысамыз. Нәтижесінде 19 жүлделі орын алып, облыстық деңгейге шықтық. Біздің мектепте барлық жағдай жасалған. Жүгіру жолағы, жаңадан жөнделген спорт залы бар. Мектептің ішінде жаңа интелектуальды панельде орнатылған.

РКС: Сонымен қатар, мектеп қабырғасында 20-ға жуық ерекше бала білім алуда. Бұл балғындардың оқуына, әлеуметтенуіне, өз бетінше білім алуына педагог-психолог Аслан Манатов көмектеседі. Жас маман 2020 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін тәмамдап, бірден Жарқайың ауданына жұмысқа келген.

СНХ: АСЛАН МАНАТОВ, Н.КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ПСИХОЛОГЫ: Мен түрлі халықаралық және республикалық байқауларға қатыстым. Аутистикалық бұзылыстары бар балалардың сенсомоторлы дамуын дамытуға арналған өзімнің авторлық бағдарламаларым бар. Яғни, менің негізгі қызметім ерекше балалармен жұмыс істеу. Бұған қоса, мен, әрине мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушылармен, ата-аналармен де үнемі байланыстамын. Мен үшін балалардың, оқушылардың, ата-аналардың мектеп қабырғасында өздерін жайлы сезінуі өте маңызды.

РКС: Енді оқушылар мектепке кіру немесе асханадан тамақ алуы үшін арнайы құрылғыға алақанын қойып, биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Балалардың мектепке келіп-кеткені жайлы ақпаратты ата-ана бірден көріп отыралы. Бұл эко-жүйе мектепке бір жыл бұрын енгізілген. Сонымен қатар, оқушылар жасанды интеллектпен жұмыс істеп, робот құрастыруды әрі оны бағдарламалауды үйренуде.

ИНТЕРШУМ: Создаем роботов, делаем проекты по биологии, по экологии. То есть любой учитель может здесь заниматься своими проектами. Вот у нас скоро будет подставка умный дом, умный теплица.

РКС: Заманауи технологиялар білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналуда. Әрине, оны меңгеру - уақыт талабы. Мұндай жобалар білім ордаларындағы қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, оқушылардың сапалы білім алуларына жол ашады. Ал, бұл Державинск теміржол вокзалы. Жуырда вокзал адам танымастай өзгереді. Қазір 1960 жылы салыңған ескі вокзал толығымен сырылған.

СНХ: АРХАТ АЙБАБИН, КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Жаңа ғимараттың аумағы 214 шаршы метр. Қазақстан Республикасының барлық нормалары мен ережелеріне сәйкес мұнда жолаушылар мен Қазақстан темір жолының өкілдеріне қажетті бөлмелер қарастырылған. Жақын арада тапсырыс берушімен жоба қарастырылып, шешім қабылданады. Осыдан кейін ғимараттың іргетасы мен қаңқасына құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаймыз.

РКС: Одан кейін облыс әкімі Марат Ахметжанов су тазарту станциясына барды. Аудан тұрғындары таза суға жарымай отыр. Сол себепті, су тазарту станциясы жуырда іске қосылды. Нысан тіршілік нәрінің сапасын арттырып, жарқайыңдықтарды сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз етпек. Заманауи қондырғылар Израильден тапсырыспен әкелінді.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Жарқайың ауданына ауыз су Есіл өзенінен келеді. Державинск қаласындағы су станциясына келіп, өзен суы арнайы екі фильтрдан өтеді. 15-ші қыркүйек Жарқайың ауданының тұрғындары толыққанды таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

СНХ: ШАХМҰРАТ ӨТЕШ, "БАЙСЫН-А" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Су Есіл өзенінен келеді ашық түрде. Екі этаптан өтеді. Бірінішісі песок, екіншісі уголь. Сосын әрі қарай таза ауыз сумен қамтамасыз етілеміз.

СНХ НА РУСС: ШАХМУРАТ ОТЕШ, РУКОВОДИТЕЛЬ КОМПАНИЙ "БАЙСЫН-А": 15-го числа город уже будет остачен питевой водой. Питевая вода от реки Ешим. В открытом доступе. Она проходит 2 этапа очистки. То есть фильтра. Одна печосная, вторая угольная. После этого уже предоставляется питевая вода.

РКС: Былтыр рекордтық көлемде астық жинаған ақмолалық диқандар биыл 2 миллион тоннаға жуық астық бастырып, мол өнімнен үміттеніп отыр. Өнімділігі 13,2 центнер. Ылғалға бөккен бидайды сақтап қалу үшін тәулік бойы Жарқайың ауданындағы "Алтын-Дән" элеваторы жұмыс істеуде. Элеватор 80 мың.тонна астық қабылдауға қауқарлы.

СНХ: ҚАЗБЕК АҚМАМБАЕВ, "АЛТЫН-ДӘН" ЭЛЕВАТОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 1-ші қарашаға дейін біз 5 мың тонналық тағы 4 базаны іске қосамыз. Сонда біздің элеватор 100 мың тонна астық қабылдай алады. Тазалау қабылдаудағы өткізу қабілеті 250 мың тонна. Кептіру қондырғысы ағылшын өндірісінің 50 мың тоннасын құрайды. Күніне екі ауысымда 1000-1200 тонна астық кептіреміз. Қызметкерлеріміз жеткілікті. ҚАзіргі уақытта элеваторымыз 40 мың тонна астық қабылдады.

РКС: Элеватордың тыныс-тіршілігімен танысқан аймақ басшысы Марат Ахметжановтың көңілінен шыққаны ол заманауи технологиялармен жабдықталған зертхана. Мұнда мамандар астықтың сапасын, ылғалдылығын анықтайды.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРМІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ