ДИКТОР: Қазақ киносының күніне орай елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды жоба - "JARQYRA" республикалық кастингі басталды. Кастинг бүгін еліміздің 19 қаласында бір мезетте өтіп жатыр. Әркімнің өз бағын сынауға жасалып отырған зор мүмкіндік.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Көріп тұрғандарыңыздай сахна төрінде өнер жолын таңдаған жас буын өз бақтарын сынауда. Олар іріктеуге бірнеше этаптан өтіп жатыр. Біріншісі, өзін-өзі таныстыру. Екіншісі, өнерін паш ету. Ал, үшінші кезеңде түрлі эмоцияларын жеткізу арқылы суретке түсу.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ГҮЛБАРШЫН МАНАПОВА, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ-МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ РЕЖИССЕРІНІҢ КӨМЕКШІСІ: Бұл кастинг өте маңызды деп есептейміз. Неге десеңіздер. Әр жас өзінің өнерін, бағын сынауға осы кастинг мүмкіндік беріп отыр. Кастинг арқылы киноның төрінде біздің жерлестерімізді, жастарымызды көруге мүмкіндік болып тұр. Бізде ұйымдастырған шараны қолдап, көмек жүргізіп жатырмыз.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: "Жарқыра" республикалық кастингі қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Облыс орталығындағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ-музыкалық драма театырында 50-ден астам өнер сүйер қауым өз бақтарын сынауда. Солардың бірі Ақмол Сәбитұлы.

СНХ: АҚЖОЛ СӘБИТҰЛЫ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ-МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТЫРЫНЫҢ АКТЕРІ: Бұл өз кезегінде Қазақстан бойынша театр саласындағы киноға қызығушы барлық өскелең ұрпаққа үлкен мүмкіндік деп есептейміз. Сондықтан өз бағымызды сынауға бізде келіп тұрмыз. Мен театрда 2 жыл қызмет атқарамын. Мен Астана қаласында Қазақ ұлттық университетінде қазіргі таңда оқып жатырмын. Жалпы өнер саласы өзіме қатты ұнайды. Соның ішінде театр өнері. Әр мамандықтың өз қиындығы бар. Сондықтан, образ тудыру да бұл өте күрделі өнер.

РКС: Іріктеуден өткен үміткерлердің деректері kazakhcinema.kz сайтындағы актерлік онлайн базаға орналастырылады. Бұл база – кинокомпаниялар мен продюсерлер үшін жаңа есімдерді табуға мүмкіндік беретін ашық, әрі қолайлы алаң. Аталған шара Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырылуда.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ