ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы кәсіпорынның ұжымы облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдерімен жұмысшы мамандықтар жылы аясында кездесті. Сұранысқа ие мамандықтардың имиджі мен тартымдылығын арттыру мәселесі сөз болды.
РКС: «Natige Milk» кәсіпорнының ұжымы үшін ұйымдастырылған шараға облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары, сондай-ақ өңірлік жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Бұл зауыт – Қазақстандағы сүт өнімдері өндірісі саласындағы көшбасшылардың бірі. Аймақта алғаш болып толық циклды өндірісті жолға қойған. Яғни, шикізатты қабылдаудан бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Қазір мұнда жас мамандардың қатары көп.
СНХ: НАТАЛИЯ ХАМЕНКО – МИКРОБИОЛОГ-ЗЕРТХАНАШЫ: Біз сүтке талдау жүргіземіз, жақсы, нашар сүтті іріктейміз. Егер қышқыл сүт немесе бөтен иістер анықталса, ондай сүттен бас тартуға тура келеді. Себебі бұл біздің өніміміз, сапаны жоғалтпауымыз керек. Сондықтан кейде реттеуге тырысамыз, қажет болса, бір нәрседен бас тартамыз.
РКС: Қазіргі заманғы өндіріс үшін тек тар бейінді емес, әмбебап мамандар да қажет. Жас мамандар – бизнесті дамытудағы басты күш. Олар жаңа технологияларды енгізуге, өнім сапасын сақтауға және кәсіпорынның дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің басты құндылығы – адам екенін атап өтті. Яғни, азаматтарға салынған инвестиция – экономиканың және өңірдің дамуына тікелей әсер етеді. Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мен білікті кадрларды даярлау – басты міндеттің бірі.
СНХ: АЛТЫНГҮЛ ҚАПАСОВА, ЦЕХ ШЕБЕРІ: Бізге жастар керек, жұмысшылар қажет. Бос орындар бар. Алдымен еңбек қауіпсіздігімен таныстырамыз, оқытамыз. Ұжымымыз тату. Бізде бәрі әмбебап маман. Әркім тек бір ғана істі атқаратын маман емес. Барлығы біртіндеп үйреніп, әмбебапқа айналады. Сондықтан біз жастардың келуіне әрқашан қуаныштымыз. Олар келіп, үйреніп, бізге көмектесіп, қатарымызға қосылса дейміз.
РКС: Шара барысында жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың шаралары таныстырылды. Мұндай кездесулер жастарға жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға таптырмас құрал. Өңір үшін жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру маңызды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.