ДИКТОР: Зейнолла Сәнік көрнекті жазушы, фольклоршы, баспагер, этнограф аудармашы. Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының демеушілігімен «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнікке – 90 жыл» атты республикалық экспедиция ұйымдастырды. Күні кеше Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде экспедиция өкілдерімен кездесу өтті.
РКС: Батыс өңірінен басталған бұл экспедиция алдағы уақытта еліміздің барлық аймағына аралап шығады. Жазушы Зейнолла Сәніктің мол мұрасын кеңінен насихаттау мәдениеттанушы ғалымдар, этнографтар мен қаламгерлерден құралған экспедицияның басты мақсаты. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, халық қазынасын заман талабына сай жаңғырту көзделген. Сапар барысында өңірлердегі тарихи орындардың қазіргі жағдайымен де тереңірек танысу жоспарланып отыр.
СНХ: ҚАСЫМХАН БЕГМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс орталықтарындағы, аудандарда тұратын ақын-жазушылармен, өлкетанушы мамандармен, халық ауыз әдебиетін жинаушы көнекөз қариялармен, шежірешілермен жүздесіп, әр аймақтағы ұлттық құндылықтардың сақталуын зерделеу. Экспедиция нәтижесінде әр өңірге арнап фотоальбом, этнографияға арналған кітаптар шығару, осының бәрі ұлтты тұтастандыруға, этнографиялық мұрамызды түгендеп, рухани қазынамызды бағалауға жұмылдыратын оң қадам, тың бастама.
РКС: Экспедицияға белгілі этнографтар, мәдениеттанушылар, жазушылар, университет оқытушылары, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында экспедицияның басты мақсаты мен тұжырымдамасы кеңінен талқыланып, алдағы бағыт-бағдары мен болжамды нәтижелері жайлы ой қозғалды. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев арнайы қатысты.
СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл экспедиция сәуір айынан, яғни көктемнен бастап басталған экспеция бүкіл облыстарды жаңа Аманай ағамыз атап өтті, аралап келе жатыр. Ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеу, халыққа қазынамызды, мұрамызды осы жастарға паш ету, дәріптеу , олардың арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Жиында Зейнолла Сәніктің ғибратты ғұмыры мен осы уақытқа дейін жазушыға арналған игі істерді қамтыған деректі фильм көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жиын соңында қатысушылар мұндай жобалар өскелең ұрпақтың рухани байлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға негіз екенін айтып тарқасты.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ