ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке экономиканы жаңғырту үшін жасанды интеллектті барлық секторға енгізу жөнінде тапсырма берді. Бұл бастама елдегі цифрлық трансформацияны жеделдетіп, бәсекеге қабілеттілікті күшейтіп, инновациялық дамуға жаңа серпін береді.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек.

STAND-UP: СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ТІЛШІ: Президенттің айтуынша, егер Қазақстан бәсекеге қабілетті ел болғысы келсе, жаңа тәсілдер бойынша жұмыс істеу қажет. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру керектігін айтқан еді. Осыған қатысты қала тұрғындары не дейді?

СНХ: ГҮЛНҰР АРАПБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты жолдауын қолдаймын. Себебі ол жолдау қазіргі заман талабына сай. Өзге елдерден қалмайтындай елімізге үлкен өзгерістер әкеледі деп үміттенеміз. Жастар болып қолдаймыз, жүзеге асыруға тырысамыз

СНХ: АИДА ҚАЛИОЛЛАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қазір ауыл шаруашылығында да, жұмыста да барлық жерде цифровизация. Мен өз басым қолдаймын, осы мәселені көтергеніне, және қолға алғанына қуаныштымын

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жолдаудан өзіме түйгенім жасанды интеллект және цифрлік даму министірлігін ашу ол өте үлкен прогресс. Себебі жасанды интеллект әлемдік деңгейде қолға алынып жатыр. Мұндай министрлік құру жастарға жалпы қазақстандық тұрғындарға, мектеп оқушыларына керек жаңашыл жаңалық болды.Себебі ол мемлекетіміздің дамуына орасан зор үлесін қосады деген ойдамын.

РКС: Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қазірдің өзінде адамдардың, әсіресе жастардың мінез-құлқына оң әсер етуде. Цифрлық технологиялар мен смарт-қызметтердің кеңінен қолданылуы олардың ойлау жүйесін, ақпаратты қабылдау тәсілін және қарым-қатынас мәдениетін түбегейлі өзгертуде. Бұл үрдіс білім беру, еңбек нарығы, коммуникация және күнделікті тұрмыс салаларында жаңа стандарттардың қалыптасуына ықпал етуде.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ