ДИКТОР: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының айнасы. «Бірлескен іс-берекелі нәтиже» тақырыбында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен бірлескен жиын өтті. Шараға өңірдің ардақты әжелері мен қыздар клубының мүшелері қатысып, болашақ аналардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру жөнінде ой бөлісті.

РКС: Қыз бала – ұлттың ұяты, үйдің шырағы. Әр отбасының бақыты да, болашағы да қыз тәрбиесіне байланысты. Аталған жиында ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды, адамгершілік пен имандылықты сіңірудің жолдарын талқылады.

СНХ: ҚАРАШАШ АХМЕТОВА, ӘЖЕЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Әженің отбасындағы рөлі зор.Ең бірінші өзінің тәрбиелеген қыз,келініне, ұл,күйеу баласына қазіргі тәрбиелеп отырған немелеріне. Өтйкені бүкіл бойындағы жақсы қасиеттері сол балалрына дарып қонады ғой деп ойлаймын. Әжелердің қандай арманы бар, ұрпағы таза, ақылды, парасатты, дендері сау, келешекте зор зиялы қауымның қатарында болып Отанымызды көркейтіп,бүкіл әлемге дүр еткізсін. Менің тілегім сол.

РКС: Жиналған әжелер мен апалар өз өнегелі өмір жолынан мысал келтіріп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Ал қыздар клубының мүшелері бүгінгі заман қыздарының жаңа қырын ашып, дәстүр мен жаңашылдықты үйлестірудің маңызын атап өтті. Отырыс барысында Аналар кеңесінің құрамы жаңарды. Қыздар клубының жұмысын белсенді жүргізіп келе жатқан аналар кеңесінің мүшесі Бақытжан Айдосова Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар «Азамат тәрбиелеген отбасы» да анықталып, оларға да марапат табысталды. Қыз тәрбиесі – нәзіктік пен қаталдықты қатар қажет ететін үлкен өнер. «Біз осындай басқосулар арқылы ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре аламыз» -дейміз дейді жеңімпаз отбасы.

СНХ: ЕСЛӘМБЕК СМАҒҰЛ, МАРАПАТТАЛУШЫ ОТБАСЫ: Алтын шаңырақ, ұлттық құндылық дейміз. Былтырлары осындай үлкен жұмыстар жүргізілген. Биыл міне соның жалғасын тауып жатыр. Бүгін марапат иесі болып жатырмыз. Қазақстанымыз көркейе берсін, Отанымызға тыныштық берсін. Келекшек мынау ұрпақтарымыз аман болып, үлкен-үлкен үй болсын.

РКС: Жиынға қатысқан жастар үшін бұл басқосу рухани азық, тағылымды сабақ. Себебі ұрпақ тәрбиесі – елдің ертеңіне салынған іргетас. Осындай шаралар арқылы қазақ қызының болмысы мен тәрбиесінің мәйегін сақтап, ұлттың асыл дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – Аналар кеңесінің басты міндеті.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.