ДИКТОР: Көкшетау қаласында алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың іргетасы бой көтереді. Сондай-ақ тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандарды қамтитын заманауи іскерлік орталығы салынбақ. Президент жұмыс сапары қарсаңында қаланың 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты.

КСМ: Соңғы жылдары, өңірде бой көтерген нысандар аз емес. Қазірдің өзінде жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені, салынып жатыр. Президент енді бой көтеретін футбол стадионын 10 мың орынға лайықтап салуды тапсырды.

ИНТЕР ШУМ:

КСМ: Қала халқының саны алдағы жылдары жарты млнға жетеді деген болжам бар. Сондықтан жаңа құрылыс алаңдары да қажет. Президент тапсырмасымен, өңірде өткен жылы «Тозығы жеткен үйлердің реновациясы» бағдарламасы жүзеге асқан еді. Мәселен мына маңдағы 13 ескі үй сүріліп, орнына инвесторлар есебінен 230 пәтерлі 2 жаңа тұрғын-үй кешені салынды. Нәтижесінде үйі тозған 100 адамға пәтер тегін берілді. Баспаналы болғандардың бірі – көпбалалы ана Диляра Шахманова.

ИНТЕР ШУМ:

СНХ: ДИЛЯРА ШАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қабырғалары көгеріп, құлауға жақын еді. Үйіміз апатты жағдайда болды. Сонда 10 жыл тұрдық. Балаларымның өмірі үшін қорқатынмын. Кейін осы бағдарламаның арқасында міне баспаналы болдық. Қуанышымызда шек жоқ.

СНХ: ӘЛИ ӘЛИЕВ, «KOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бағдарлама аясында 2025-2029 жылдар аралығында 175 үйді сүріп, оның орнына осындай 32 тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл тағы 3,500 отбасы, яғни 10 мыңға жуық адамның баспаналы болуына мүмкіндік береді.

КСМ: Президент бұдан соң « Көкшалғын» саябағына барды.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, Көкшетау ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жоба бойынша, ұзындығы 3 шақырым. Бұрын болған 4 саябақты біріктіріп, 4 жобаны қосып жаяу жүретін адамдарға жасап жатырмыз.

КСМ: Саябаққа автоматты суару жүйесі, құрғақ субұрқақ, декоративті шамдар мен сәнді орындықтар орнатылмақ. Демалыс аймағы биыл ғана абаттандырылған «Жағалаумен» түйіседі.

СНХ: АЛМАГҮЛ ЖАМАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өте ұнайды, жағалау бізге. Далаға шыққанда қандай демалыс, свежий воздух. Таза ауаны жұтып. Бұрын келетінбіз, мына жердің бәрі шөп басқан, ағаштар. Жүре алмайтын, лас болатын.

 СНХ: ХАНЫМ ШАЙХ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Отбасымызбен күнде келетін болдық. Өте ыңғайлы. Балалар ойнайтын жерлер бар. Күнде осында серуендейміз.

КСМ: Президент, саябақта жергілікті зиялы қауыммен әңгімелесті.

ИНТЕР-ШУМ:

КСМ: Бұдан соң Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қосшы қаласын газбен қамтудың бірінші кезеңі іске қосылмақ. Қаланың 30 мың тұрғыны табиғи газға қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Газ қосуға рұқсат етіңіз

ИНТЕР ШУМ:

КСМ: Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады. Жобаның жалпы құны 11,4 миллиард теңге. Бұдан соң Президентке Digital Aqmola орталығының цифрлық мүмкіндіктері таныстырылды. Облыстың тыныс-тіршілігі осы орталықтан басқарылады. Өңір басшысы инвестиция тарту, өңдеу, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс саласында жаңа жобаларға да тоқталды.