ДИКТОР: Биыл еліміздегі ең көне спорттық ұйымның бірі – Қазақстанның «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Күштік, патриоттық және спорттық даярлықтың негізін қалаған бұл ұйым бір ғасыр бойы құқық қорғау органдары мен әскери құрылым қызметкерлерін біріктіріп келеді. Аталған мерейтойға орай облыстық полиция департаментінде де салтанатты шара өтті.

РКС: «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы 1925 жылы құрылған. Бүгінге дейін ерлік, спорттық рух пен қызметтік борышқа деген адалдықтың символы ретінде сақталып келеді. «Динамода» күштік құрылымдардың шамамен 100 мың қызметкері біріктірілген. Олимпиадалық және қолданбалы спорт түрлерін қоса алғанда, 28 спорт түрі дамытылуда.

СНХ: ВИКТОР БУКРЕЕВ, «ДИНАМО» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Тәуелсіздік жылдарында біздің жасөспірімдеріміздің арасынан атақты спортшылардың тұтас бір буыны қалыптасты. Осы кезеңде шамамен 170 еңбек сіңірген спорт шебері, 300-ден астам халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше мың спорт шебері мен спорт шеберлігіне кандидаттар дайындалды. Халықаралық рейтингтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. «Динамо» ұйымының 59 спортшысы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері атанды. Сондай-ақ қоғам әлем, Еуропа, Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының жүздеген чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиеледі.

РКС: Бұдан бөлек, жастармен жүргізілетін жұмысқа да айырықша назар аударылуда. «Динамо – Қазақстан балаларына» жобасы аясында республика бойынша шамамен 5 000 бала қамтылған. Бұл жоба тек спорттық құрылым ғана емес. Сондай-ақ, қоғам елдің күштік құрылымдары үшін сенімді серіктес. Салтанатты шарада облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев құттықтау сөз сөйлеп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік даярлығын арттырудағы спорт қоғамының үлесін атап өтті.

СНХ: НҰРСҰЛТАН МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Ең алдымен ардагерлерге мықты денсаулық пен амандық тілеймін. Бүгінге дейін сіздер волейбол жарыстарына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келесіздер. Ойындарыңызға қарап, жас буынға да үлгі бола алатыныңызға сенімдімін. Сондай-ақ әріптестерімізді құттықтаймын. Біздің қатарымызда Ақмола облысының атын асқақтатып жүрген танымал әрі лайықты жаңа спортшылардың көп болуы қуантады.

РКС: Мерекелік шара аясында облыс бойынша ардагерлердің, жаттықтырушылар мен қызметкерлердің және спортшылардың бір тобы салтанатты түрде марапатталды. Құрметті марапатқа әр ұрпақтың өкілі ие болды. Олардың бәрі спорттың дамуына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және Отан қорғаушылардың жаңа буынын тәрбиелеуге үлес қосқан жандар.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ