ДИКТОР: Сандықтау ауданы, Максимовка ауылында жұмыссыздық мүлдем жоқ. Еңбек жасындағы ауыл тұрғындарының барлығы тұрақты еңбекпен қамтылған. Ауылдағы екі серіктестік те мал және егін шаруашылығымен айналысады. Мұндағы нан бағасы 40 теңге.
РКС: 3 баланың анасы Анжела Дабысбекқызы Максимовка ауылына осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысынан көшіп келген. Жұмысты «Еңбек кз» сайты арқылы тауыпты.
СНХ: АНЖЕЛА ДАБЫСБЕКҚЫЗЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Біздің жақта жұмыс табу қиын ғой. Халық өте көп, соған сәйкес сұраныс та аз болады. Маман жоқ болғандықтан мені бірден алды. Бұл жерде маған қызметтік үй берді. Тегін тұрамын. Тек қана коммуналдық қызметтерді төлеймін. Нан бағасы 40 теңге, арзан. Неше жылдан бері келе жатқан қолжетімді баға.
РКС: Максимовка ауылындағы жолдардың негізгі бөлігіне асфальт төселген. Биыл жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолақтар салынды. Тұрғындардың көбі серіктестіктерде жұмыс істейді. Одан басқа мектеп, балабақша, наубайхана, емхана, қоғамдық монша, дәмхана, хоккей корты бар. Айдана Асқарбекова Астанадағы медицина университетін Сандықтау ауданы әкімінің грантымен оқыған. 2 жылдан бері туған жерінде еңбек етіп жатыр. Оған да тегін баспана берілді. Ол көршілес 8 ауылдың тұрғындарын қабылдайды. Ауылда күндізгі стационар да жұмыс істейді.
СНХ: АЙДАНА АСҚАРБЕКОВА, ДӘРІГЕР: Қазіргі таңда мен жалғыз дәрігермін. Біздің Максимовка амбулаториясында 3600-ге жуық адам ем алады. 2-ші дәрігер келу керек. Бізге жаңа амбулатория салды. 2 аптадан кейін біз жаңа амбулаторияға көшеміз. 2024 жылы подъемный алдым акиматтан 350 мың тнг, сосын облыстан 5 млн тнг подъемный алдым.
РКС: Ауылдағы мәдениет сарайын жөндеу, асфальт төсеу, жаңа амбулатория құрылысы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген. Ал 20 пәтерлі 10 үй, 12 жас отбасына арналған жатақхана, «Арена» хоккей корты, наубайхана сынды бірқатар әлеуметтік нысандар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде бой көтерген.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ