ДИКТОР: Ақмола өңірінде егін орағы басталды. Болжамға сәйкес, биыл 7 млн тонна бидай жиналады. Бұл былтырғымен салыстырғанда жарты млн тоннаға көп. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлы аймаққа барып, диқаншылармен кездесті. Астықты аймақ басшыларының қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді.
Видеонарезка:
КСМ: Президент ең әуелі егістік алқаптарын аралап, шаруалармен, кәсіпорын жетекшілерімен жүздесіп, қордаланған мәселелер жөнінде әңгімелесті. Биыл ауа райы қолайлы. Үкімет қолдау көрсетіп отыр. Жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп, алдын ала жеңілдетілген несие беруде. Басты міндет – ауыл шаруашылығында терең өңдеу өндірісін дамыту - деді Президент.
СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Жалпы, болжамдарға қарағанда 24 млн тонна дейін егін жинаймыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда бидайды 1 млн гектарға азайттық. Оның орнына майлы дақылдарды көбейттік 1 млнға
КСМ: Яғни, Мемлекет басшысы бұған дейін жоғары өнімді майлы дақылдар алқабын кеңейту жөнінде тапсырма берген еді. Биыл Ақмола өңірінде оның көлемі 2,5 есе артып, 495 мың га аумаққа егілді. Осындай көпбейінді шаруашылықтың бірі - “Зеренді сақтау өнімдері” серіктестігі. Кәсіпорын дәнді және бұршақ дақылдарын өсірумен қатар, сиыр, жылқы ұстайды. Бүгінде қожалық цифрландыруға ден қойып отыр.
СНХ: СЕЙІЛБЕК БАЛТАШҰЛЫ «ЗЕРЕНДІ САҚТАУ ӨНІМДЕРІ» ЖШС БАС АГРОНОМЫ: Телефондарымызда қай жерде қанша техника, қанша дизтопливасы бар, қаншама гектар алды бәрін көріп отырамыз. Карта бойынша көріп отырамыз, жерлерімізді
КСМ: Былтыр ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 8 триллион 250 миллиард теңгені құрады. Бірақ ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда, 6 пайыз ғана. Сондықтан экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесін арттыру қажет. Дегенмен, 12 млн тонна бидай экспорттау – жоғары көрсеткіш, -деді Мемлекет басшысы. Бұдан соң Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады. Мұнда жартылай фабрикаттар, консервілер, нан, сүт және нан өнімдері қойылған.
Интершум:
КСМ: Мемлекет басшысы бұдан соң Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Жиынға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты. Мемлекет басшысы, егіс алқабындағы жұмыстарды уақтылы аяқтап, астықты дер кезінде жинап алу қажеттігін айтты. Әрі, еселі еңбектері үшін еліміздің диқандарына ризашылығын білдірді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жыл сайын егін жинау науқанында сіздердің кәсіби біліктеріңіз, табандылықтарыңыз және патриоттық қасиеттеріңіз сыналады. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бұл сыннан сүрінбей өтеді. Сіздер жай-күй таңдамай, табиғат тосын мінез танытса да жұмыс істеп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрсіздер.
КСМ: Соңғы жалдары мемлекет диқандарды қолдау шараларын күшейтті. Мәселен, биыл Президент тапсырмасымен ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге бөлінді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қолдауын тиімді пайдалану керектігін ескертті. Келесі жылы да жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын ерте бастан қолға алу қажет. Егін шаруашылығын дамытудағы басым міндеттердің бірі -жиналған өнімді дұрыс сақтау. Ол үшін қоймалар қажет. Бірақ, ондай орындар тапшы.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Заманауи элеваторларды салуға және оларды ұстап тұруға қомақты инвестиция қажет екені анық. Сондықтан элеваторларды жаңғырту үшін жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосу керек. Сапалы тұқым дайындауға баса назар аударған жөн. Бұдан бөлек, отандық нарықты өзімізде шығарылған тұқыммен қамтамасыз етудің нақты қадамдары керек.
КСМ: Жыл соңына дейін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленеді. Бұл құжат ұзақ мерзімге жеңілдетілген қаражат алуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізуді тапсырды
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек. Егін және мал шаруашылығындағы үдерістерді толық қадағалап отыру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану қажет. Бұл жұмысты ІТ-бизнеспен бірлесе отырып атқарған жөн.
КСМ: Жиын қарсаңында өңір басшылары мен шаруашылық жетекшілері сөз сөйлеп, агроөнеркәсіп саласындағы жоспарларымен бөлісті. Мемлекет басшысы Қостанай өңіріне арнайы баратынын айтты. Қордаланған өзекті мәселелер қараша айында өтетін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында талқыланбақ.