ДИКТОР: Мемлекет басшысының жуырда ел болашағына бағытталып жарияланған маңызды құжатында білім беру саласы, экономикалық даму және ұлттық құндылықтар турасында нақты бастамалар көтерілді.

РКС: Жолдауда сонымен қатар жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше назар аударылды. «Адал азамат» бағдарламасы ел жастарының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған.

СНХ: АЙНАШ КЕНЖИНА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Адал азамат» бағдарламасы болып, 123 бұйрықпен кіріктіріп отыр. Сол бағдарламаны бәріміз қолдап отырмыз. Біртұтас тәрбие, адал азамат бағдарламасы адал азамат, Отансүйгіштік, қамқоршы кермет бағдарлама болып табылады. Ол өзінің алты құндылығы бар. Соның барлғын іске асыру жақсы бағыттардың бірі. Осы бағдарламаны қолдап отыруы мені өте қатты қуантады.

СНХ:ГАУХАР ҚУАНЫШБЕК, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Президенттің жолдауына қатысты жасанды интеллект мұғалімдерге оқу процесін жеңілдетуге және қызықты қылуға көмектеседі. Себебі, мұғалімдер оны қолданғанда әртүрлі анимациялар жасайды, ол сабақ процесін қызықты қылады, берілген материалды тез түсінуге көмектеседі.

РКС: Жолдауда ел экономикасын дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты да нақты ұсыныстар айтылды. Президент Жолдауында білім беру саласындағы өзекті мәселелерге де айрықша назар аударылды. Әсіресе, келешек мектептерін салу, екі ауысымда оқытуды жою – ел болашағы үшін маңызды қадам. Мемлекет басшысы сапалы білім беруге арналған, заманауи талаптарға сай мектептер салынатынын айтты.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛМАҚАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жолдауда келешек мектептері жайлы маңызды бастамалар көтерілді. Екі ауысымда оқитын мектептер мәселесі жойылып, бір ауысымға сапалы білім беруге арналған сапалы мектептер салынатын туралы атап өтілді. Бұл оқушы саны өсіп жатқан өңірлер үшін өзекті мәселе.

СНХ:АЙТЖАН БЕКІШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Президентіміздің Жолдауында инвестиция деген айтылып жатыр. Ол біздің қоғамда әл-ауқат көтеру, экномиканы көтеру. Президенттің жолдауын қолдаймын.

РКС: Президенттің биылғы Жолдауы – елдің әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуын көздейтін кешенді құжат. Жолдау жүктеген міндеттерді орындау – әрбір азаматтың ортақ парызы.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ