ДИКТОР: Көкшетауда және еліміздің тағы 19 қаласында ең ірі офлайн-хакатон өтті. Мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер мен ІТ мамандардан құралған 2,5 мыңнан астам қатысушы инновациялық жобалар әзірлеп, оларды сала сарапшыларының алдында қорғау үшін бас қосты.
РКС: Биыл Көкшетаудағы өткен хакатонда қатысушылар саны рекортдық көрсеткішке жетті.
Екі күн бойы қатысушылар өз жобаларын әзірлеумен айналысты. Олар менторлық сессияларға қатысып, әзірлемелерін қорғауға арналған шешімдерін дайындады. Шара Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында өтті. 100-ден астам қатысушы тапсырмаларды екі бағыт бойынша орындады.
СНХ: ДИАН АЙБАШПАНОВ, «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АВТОНОМДЫ КЛАСТЕРЛІК ҚОРЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бірінші бағыт – жасанды интеллект және веб-кодинг. Бұл – қазір өзекті бағыттардың бірі. Себебі жасанды интеллекттің көмегімен адам түрлі бағдарламалау тілдерінде бірден код жаза алады. Екінші бағыт – блокчейн технологиялары. Бұл криптовалюталарға қатысты жаңа технологиялар. Бүгінде бұл да перспективалы бағыттардың бірі әрі Мемлекет басшысы да осы салаға ерекше назар аударып отыр.
РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Decentrathon 4.0 шарасына ерекше қызығушылық танытты. Айта кету керек, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Жасанды интеллект экономика, білім беру және ғылым салалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ал хакатон сияқты бастамалар Қазақстанда жаңа буын мамандарын және стартаперлерін анықтауға жол ашады.
СНХ: ЖАЙЛАГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Біздің студенттердің белсенді қатысып жатқаны қуантады. Биыл 100 студентіміз Decentratone жобасына қатысу үшін тіркелді. Indriver, Центркредит банкі және блокчейн саласындағы компаниялар министрліктермен бірлесіп осындай іс-шаралар өткізіп жатыр. Менің ойымша, мұндай бастамалар жастарды қолдап қана қоймай, жасанды интеллектті, жаңа әзірлемелер мен тың терминдерді дамытуға тың серпін береді.
РКС: Қатысушылар қарқынды жұмыс істеп қана қоймай, ынтымақ пен бірлікті атмосферасын сезінді. Тегін дастархан жайылып, жаңа таныстық, менторлардың кеңестері және мансаптық мүмкіндіктер де қарастырылған. Бас жүлде қоры 15 миллион теңге. Қатысушылар арасында қосымша түрде MacBook, iPhone және AirPods ұтыстары да ойнатылады. Айта кетейік, хакатонның қорытындысы бір аптадан соң Астана қаласында жарияланады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ