ДИКТОР: Бурабайда биылғы жазғы маусымда жаңа туристік бағыт пайда болды. Енді курортты аймақтың сұлулығын тікұшақтың көмегімен тамашалауға болады. Ұшу ұзақтығы 15 минут. Туған өлкенің бірегей табиғатына тікұшақпен саяхаттаушылар саны да артып отыр.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Биылғы жаз маусымындағы жаңашылдық туристер үшін өте әсерлі болғанын айта кеткен жөн. Бурабайға келген туристер өзен-көлдерді, ну орман мен таулы аймақтарды құс қанаты талатын биіктіктен көру мүмкіндігі нағыз ерекшелік екенін айтуда.
СНХ: МАЛИКА ӘБДИЕВА, ТУРИСТ: Ұшу ұзақтығы 15 минут қана болғанымен, естен кетпес керемет әсер алдым. Бурабай курортты аймағының сұлулығын тікұшақтың ішінде отырып тамашалауды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы аймаққа демалуға келген әр адам мүмкіндігінше тікұшаққа мініп, өңірдің сұлу табиғатын тамашаласын деп кеңес берер едім.
РКС: Туристер үшін екі тікұшақ ұсынылған. Біреуі 3, екіншісі 5 адамға шақталған. Бурабайдың әсем табиғатын төбеден тамашалау үшін қалтаңызда 73 мың теңге болуы керек.
СНХ: ВИКТОР МАКСАЕВ, ПИЛОТ: Қазір бізде бір маршрут. «Лапландияның» аялдамасынан бастау алады. Одан соң Абылайхан алаңына қарай бет аламыз, жол бойы «Айқанат» мектебін тамашалауға болады. Одан соң резиденция, Оқжетпес пен Жұмбақтастың сұлулығын биіктен көруге болады. Құс қанаты талатын биіктіктен тамашалаған тіптен бөлек әсер.
РКС: Ұйымдастырушылар тікұшақ туры облыс тұрғындары мен қонақтары үшін естен кетпес демалыспен қатар аймақтың туристік әлеуетін дамытуғағы маңызды қадамға айналмақ,-дейді.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ