ДИКТОР: Көкшетаудағы №2 мектеп-лицейдің екінші корпусына реновация бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір бұл білім ошағында 2,5 мыңнан астам оқушы оқиды. 1969 жылы қолданысқа берілген мектепті жаңарту – орын жетіспеушілігін жоюға бағытталған маңызды қадам болды.

РКС: Ғимаратты жөндеу барысында сыртқы кіреберісі, дәліздері мен сынып бөлмелері толығымен жаңартылды. Жаңа жабдықтар әкелінді. Терезелері, есіктері мен санитарлық тораптар ауыстырылды.

СНХ: РОЗА БАЙБОЛОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Балалардың қауіпсіздігіне және сапалы білім беру қызметтерін алуына барлық жағдай жасалды. Барлығы риза деп ойлаймын. Балалар жарық әрі жайлы сыныптарда оқып жатыр. Оқу кабинеттеріне интерактивті 10 панель орнаттық.

РКС: Оқушылар да мектептегі өзгерістерді бірден байқағандарын айтады. Оқу жағдайы қолайлы. Сыныптар кең әрі жарық, ондағы жиһаздар да ыңғайлы. Кабинеттердегі парталадарда жеке жұмыс істеуге жағдай жасалған,-дейді олар.

СНХ: НҰРЛАН БЕЙБІТ, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Осы жөндеу жұмыстарынан кейін біздің мектепке баруға деген ықыласымыз да арта түсті, бұрында мектептеріміздің қабырғалары ескі және де жиһаздары да қолайсыздау еді.Ал қазіргі кезде біздің мектептеріміздің қабырғаларына жаңадан бойлаулар жағылды және де сыныптағы парталар мен орындықтар да қазір ыңғайлы.Біздің мектепте қазіргі кезде жаңадан жиһаздар әкелінді білім алуға деген бүкіл жағдайлар жасалынған. Қазіргі біздің мектепте мұғалімдер де осы жөндеу жұмыстарына қуанышты, себебі біз осы жарық сыныпта жарық бөлмеде оқыған қызықты әрі оңай.

СНХ: ЖАННА САНСЫЗБАЕВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Биыл мектебімізге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектебіміз заманауи әрі жарық кейіпке енді оқушылар осы үшін.Оқушыларға оқушыларға білім алуға барлық жағдай жасалған, осы үшін осы жөндеу жұмысы үшін алғысымыз шексіз, себебі жаңартылған мектепке бару біз үшін үлкен қуаныш білім алуда.Білім алуға мүмкіндіктер пайда болып, шабыт беріп, бізге мотивация болады.

РКС: Биыл облыстың 34 мектебіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір соның 28-де жұмыс аяқталды. Реновация бағдарламасы аясында 20 мектеп жаңартылады. Айта кетейік, күрделі жөндеу уақыт талабына сәйкес келетін заманауи және қауіпсіз білім ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ