ДИКТОР: Жыл басынан бері облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілеріне қатысты 7 хабарлама түсті. Олардың бәрі мемлекеттік органдарға, сонымен бірге жеке нарық субъектілеріне де қатысты.

РКС: Облыстық білім басқармасының әрекеттері үлкен резонанс тудырды. Аталған саланың қызметкерлері жыл сайын қосымша білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі келісім-шартты тек бір ғана жеткізушімен ұзартып келген.

СНХ: ӘДІЛЕТ МҰРСАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған әрекеттер білім беру нарығындағы бәсекелестікті негізсіз шектеуге алып келді. Салдарынан қолданыстағы жеткізушілерге басқа, соның ішінде жаңа нарық субъектілеріне қарағанда басымдық берілді. Осыған байланысты департамент бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етіп, жекелеген ұйымдарға негізсіз артықшылықтар беруден бас тарту жөнінде талап қойды.

РКС: Көкшетауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс салаларындағы екі құқық бұзушылық бойынша тергеу аяқталды. Мамандар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жұмысында бәсекелестікке қарсы әрекеттерді анықтаған. Газ тарату қондырғылары өзге компаниялардың мүдделерін ескермей, жеке бір нарық субъектісіне беріліп келген.

СНХ: ӘДІЛЕТ МҰРСАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тергеу қорытындысы бойынша бұрынғы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ газ тарату қондырғыларын бәсекелестік тәсілмен беру қажеттігін көздейтін хаттама толтырылды. Айта кету керек, Көкшетау қалалық құрылыс бөлімі де осындай бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол берген, оның қорытындысы бойынша бұл мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы да жауапкершілікке тартылды.

РКС: Азаматтар мен кәсіпкерлердің арыз-шағымдарымен жұмыс істеуге де ерекше көңіл бөлінуде. Сегіз ай ішінде департаментке 90-нан астам арыз келіп түскен. Олардың әрқайсысы жеке тәртіппен қаралды. Оның қорытындысы бойынша бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге қатысты шаралар қабылданды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ