ДИКТОР: Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін тағы бір маңызды мәселе – жол қауіпсіздігі. Мемлекет басшысының Жолдауында бұл тақырыпқа ерекше екпін берілген. Жыл басынан бері елімізде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Ақмола облысының аумағында 730 жол апаты орын алған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17 процентке артық. Тілшіміз баяндайды.
РКС: Көп жағдайда мұндай оқиғалар көлік жүргізушілерінің жауапсыз әрекеттерінен туындайды. Жол ережесін қатаң сақтау – әрбір жүргізушінің басты міндеті. Жылдамдықты асырмау, жол қозғалысы ережелерін бұзбау – жолдағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі. Әрбір азамат өз өміріне және айналасындағы адамдардың амандығына жауапты екенін терең түсінуі қажет. Қоғамда көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының өсуі алаңдатып отыр. Жол апаттарының салдарын азайту үшін полиция департаменті барлық мүдделі тараптармен тығыз өзара іс-әрекет жасап, апаттардың себептері мен шарттарын жан-жақты талдап жатыр. Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында елдімекендер мен қала сыртындағы жолдарда кешенді шаралар қабылдануда.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өкінішке орай, биыл жол апатының жағдайы күрделі. Апаттар саны 622-ден 730-ға, қаза тапқандар 69-дан 74-ке дейін жарақат алғандар саны 864-тен 1187-ге дейін өсті. Ал ауырлық салдарын айта келсек, ең көп қаза болғандар қала сыртындағы жоғарғы жылдамдық автожолдарда – мерт болған 73 адамнан 49-зы (67 пайызын құрайды), 14 азамат елдімекендерде, 6 облыстық маңызындағы жолдарда қаза болған.Оның басты себептері – көлік ағынының көбейгені.
РКС: Облыс бойынша 787 мыңнан астам тұрғын бар, соның 223 мыңы балалар. Енді қарапайым ғана цирды сөйлетсек, 564 мың ересек тұлға бар. Ал аймақта 261 мың автокөлік тіркелген. Бұл сан әр екінші адамның машинасы бар екенін білдіреді. Осыған орай, жол қозғалысын ұйымдастыру мен бақылау тетіктері жаңғыртылып, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасады.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мысалы, өңіріміздегі екі негізгі тас жолдарынан алсақ, ол «Екатеринбург-Алматы» мен «Астана-Петропавловск» бір тәулікте 98 мың автокөлік өтеді, әрине ол апаттылыққа әсер етеді. Өйткені, жүргізушілердің көбісі шаршаған күйінде көлікті басқара береді. Осы себептен 13 адам ұйықтап кетіп қаза болған. Екінші себеп, ол жылдамдықты асыру. Осы салдар бойынша 183 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 17 адам мерт болған, 294-ті ауыр жарақат алған. 8 адам қаза болып, 92-сі жарақат алған 33 апатта, қарсы жолға шыққан салдарынан болған.Осы талдау, жүргізушілердің жол қозғалыс қағидаларын сақтамайтынын көрсетті.
РКС: Жол-көлік оқиғасының алдын алу – тек салалық мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Жүргізуші, жаяу жүргінші болсын – әркім жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет. Себебі жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың қауіпсіздігіміз. Бір ғана сәттік салғырттық ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ