ДИКТОР: «Аманат» партиясы облыстық филиалының алаңында Президент Жолдауындағы жасанды интеллект тақырыбына арналған талқылау-диалогы өтті. Жиын барысында жасанды интеллектті дамыту және оны цифрлық трансформациялар арқылы шешу жолдары қаралды. Диалог алаңына мәслихат депутаттары, сарапшылар мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.
РКС: Жасанды интеллект бүгінде барлық салада көш бастап тұр. Президент Жолдауында көрсетілген негізгі 7 бағыттың барлығында да жасанды интеллект технологияларын енгізу мен цифрландыру үрдісі түбегейлі жаңғырудың маңызды факторы ретінде айқындалған. Осыған сәйкес өңірдегі жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру ұйымдарында жасанды интеллектке қатысты жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде.
СНХ: НҰРЖАМАЛ ОСПАНОВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Қазіргі кезде жасанды интеллектті, мұғалімдер мен студенттердің цифрлық трансфармациялары деп аталатын үлкен жоба іске асырылып жатыр. Біз соны колледжде іске асырамыз, соны бүгін талқыладық. Себебі қазір АІ енгізудің практикалық мысалдары колледжде веб программалауды алайық, сол жерде жасанды интеллектпен кез-келген жобаларды жасауға болады. Соның ішінде біз қолға алған жоба аврора АІ, форес трейкер, тіл қаз деп аталатын үш жобаны жүзеге асырып жатырмыз.
РКС: Жоғары оқу орындарында жасанды интеллектті енгізудің жарқын үлгісі – «Ай Сана» жобасы. Бұл бастама студенттердің мамандығына қарамастан, озық технологияларды игеруіне мүмкіндік береді. Алдағы уақытта агрономия бағыты бойынша білім алушылар толық қамтылып, кейін 100 мыңнан астам студент пен тыңдаушы тереңдетілген курстардан өтеді. Болашақта олар стартап-жобаларда жасанды интеллектті кеңінен пайдалануды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде бес жасанды интеллект агенті әзірленді.
СНХ: ЖАЙЛАГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Оқытушыларымыз күнделікті академиялық және ғылыми қызметте ChatGPT, Psyc, Gemini және өзге де заманауи цифрлық құралдарды кеңінен пайдалануда. Президентіміз AI Sana жобасына ерекше көңіл бөліну қажеттігін айтқан еді. Жоба аясында Қазақстан бойынша 100 мың студент білім алды. Біздің университет те аталған бастаманың негізгі қатысушыларының бірі. Бұл біздің қала мен өңірдегі барлық жоғары оқу орындарының студенттері Astana Hub және Huawei алаңдарында жасанды интеллекттің базалық дағдыларын меңгеріп жатқанын білдіреді. Бүгінгі күні біздің қала мен өңірден 13 мыңнан астам студент пен тыңдаушы оқытудан өтті.
РКС: Сондай-ақ студенттердің өмірін жеңілдету мақсатында заманауи цифрлық сервистер енгізілді. Мәселен, психологиялық қолдау көрсететін «Жаным» чат-боты мен жатақханаға қашықтан тіркелуге арналған арнайы чат-бот іске қосылған. Бұл сервистер жастарға уақытты үнемдеп, қажетті ақпарат пен көмекті жедел алуға мүмкіндік береді. Аталған жаңашылдықтар қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Диалог алаңында көтерілген әрбір тақырып жан-жақты және өзекті тұрғыда талқыланды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ