ДИКТОР: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан кейін Халықаралық үшінші жас университеттері қауымдастығының өкілдері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне барды. Мәртебелі меймандар жоғары
РКС: Халықаралық үшінші жас университеттері қауымдастығының Президенті, профессор Франсуа Веллас пен қауымдастық басқармасының мүшесі, профессор Янка Себера Хладечка Көкшетауға келді. Жоғары мәртебелі меймандар «Күміс университеті» бесінші маусымының салтанатты ашылуына қатысты. Бірегей бағдарлама аға ұрпақ өкілдеріне бағдарланған әрі «өмір бойы білім беру» тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылуда. Төрт маусым бойы 500-ден астам тыңдаушы оқытудан өтті. Жаңа бесінші маусымда «Күміс университеттің» қатары 138 тыңдаушымен толықты. Солардың қатарында 72 жастағы студент Алма Ерғұсаева да бар.
СНХ: АЛМА ЕРҒҰСАЕВА, «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Күміс университетте оқып жатқаныма үшінші жыл. Ағылшын тіліне қызығушылық танытып, үйреніп жатырмын. Өзіме көп дос таптым, аралас-құраластарым көбейді. Бізге сүйікті ісімізбен айналысуға мүмкіндік берген Күміс университетінің басшылығына алғысымды білдіргім келеді.
РКС:Биыл тыңдаушыларға 19 білім беру бағыты ұсынылып отыр. Бағдарлама да әралуан. Конгнитивті қызметтерді дамытуға қатысты курстар мен жасанды интеллект сабақтарынан бастап ағылшын тілін де меңгеруге болады.
СНХ: БАЛҒЫН ТҰРҒЫМБАЕВА, АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл кісілердің көзінен өмірге деген құштарлықты көрем. Көздері жанып тұр ғой. Сәйкесінше оларға қарап менің де сабақты қызықты етіп өткізуге құлшынысым артады. Көпшілігі шетелде тұратын балаларымен, немерелерімен қызық үшін ағылшын тілінде сөйлескісі келеді. Ал енді бірі саяхаттағанды жақсы көреді. Сондықтан шетелге барған кезде қиналып қалмас үшін үйренгіміз келеді дейді.
РКС: Халықаралық үшінші жас университеттері қауымдастығымен ынтымақтастық жобаны дамыту үшін жаңа кезеңге жол ашпақ. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қарт адамдардың қызыққа толы ғұмыр кешуіне көмектесе отырып, белсенді ұзақ өмір сүру бастамаларына ерекше назар аударуды жалғастыра бермек.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ