ДИКТОР: Көкшетаудағы белсенді ұзақ өмір орталығына Халықаралық үшінші жас университеттері қауымдастығының президенті Франсуа Веллас және Братислава Экономикалық университеті «Күміс жас» орталығының директоры Янка Себера Хладецка арнайы келді. Қазақстанға күміс университеттерін дамыту мәселесі бойынша іссапармен келген шетелдік сарапшылар орталықтың қызметімен танысып, оның жұмысына жоғары баға берді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Франсуа Веллас орталықтың жұмысы аймақ тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ол орталықтағы қатысушылардың белсенділігі мен олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған шаралармен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.
СНХ: ФРАНСУА ВЕЛЛАС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮШІНШІ ЖАС УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстанға келуімнің басты мақсаты – өмір бойы оқытуды дамыту. Кез келген азаматқа білім алу қолжетімді болуы үшін және осы бағытты қолдау мақсатында келдім. Қазақстанның салт-дәстүрлерін бұрын білмесем де, бұл жолы өте көп әсер алып жатырмын. Осы орталыққа келгеннен бері ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға көңілім толып отыр, бұл мені қуантады. Бұл – Қазақстанға екінші рет келуім. Көкшетау қаласының тұрғындары бақытты өмір сүріп жатыр деп ойлаймын. Қаланың инфрақұрылымы өте керемет. Осында тұратын әр адамның бақытты екеніне сенімдімін. Баршаңызға алғысымды білдіремін, сапарымыз ойдағыдай өтіп жатыр.
РКС: Белсенді ұзақ өмір орталығы Көкшетауда наурыз айында ашылды. Айта кетейік, ашылу рәсімінде Франсуа Веллас онлайн форматта қосылып, құттықтауын жеткізген еді. Бар болғаны жеті ай ішінде орталық айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, белсенді жұмыс нәтижесін көрсетіп үлгерді. Шетелден келген меймандар да жоғары бағалады,-дейді орталық директоры.
СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Өйткені мұндай орталықтар әлемде ашылып жатқанымен, біздің Қазақстанда жаңа ғана қосылып жатыр әлемдік ресурсқа. Қазірдің өзінде 1200-ден аса адам тіркелді.Оның ішінде 900-дей адам күнделікті келеді. Орталықтың бірінші қабаты 150 адамға шақталған, бірақ қазір 350 адам келіп жүр. Екі есе артық қабылдап жатырмыз. Келген адамдардың өтінішін қанағаттандыру керек. Уәжін орындау керек деген мәселе ғой.
РКС: Қазір орталықта 14 ұйым жұмыс істеп тұр. Мәртебелі меймандар әр ұйымның өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтті. Әсіресе қолөнер бағытындағы ұйымның жұмысы олардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұдан бөлек, орталыққа келушілердің қолымен жасалған ұлттық нақыштағы бұйымдар қонақтарға сыйға тартылып, қазақ халқының қонақжайлылығы паш етілді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ