ДИКТОР: Биылғы Жолдауда айтылған мәселенің бірі - жасанды интеллект. Аға буын өкілдері цифрландыру сауаттылықты араттырады деп үміттенеді, ал жастар жасанды интеллектті қолдауда. Жалпы, көпшілік Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды қолдайтынын айтып, еліміздің болашағына мол сенім артып отыр.
РКС: Президент өз Жолдауында "Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық мемлекетке айналуы тиіс", - деді. Жасанды интеллекті экономиканың барлық саласына енгізу қажеттігін алға тартты. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын өңір жастары қолдауда.
СНХ: ТЕМІРЛАН МЕНДЫБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Күнделікті өмірде, жұмыс барысында жасанды инттелектіні жиі қолданамын. Оның ішінде ChatGPT қосымшасы. Оны барлығы білетін шығар. Сол қосымша арқалы күнделікті өмірдегі, жұмыстағы кейбір сәттерде көмегі өте қатты тиеді. Яғни, белгілі бір қиындықтарды жеңілдетуге өз септігін тигізеді. Жалпы тек сол қосымша ғана емес. Тағы да басқа жасанды интеллект арқылы психологиялық қолдау беруге болады. Қазір мынау Tik-Tok, басқа да әлеуметтік желілер тарап кетті ғой. Психолгиялық қолдау бар, нашақорлықтын алдын-алу бар, алаяқтықтын алдын-алу бар. Сол сияқты жақсы бір игі іс жасауға болады. Осы жасанды интеллекті алдағы уақытта да қолданамыз деген ойдамын.
СНХ: ӘДІЛЕТ СЕНБІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ол кезде қазақстандықтар үшін жақсы мәселелер талқыланды. Яғни, ең бастапқы кезде жасанды интеллект туралы сөз қозғады. Одан бөлек инвестиция тарту туралы. Яғни, ол біздің экономикамызды дамытуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
РКС: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы қоғамның бір бөлшегіне айналып келеді. Халықтың экомәдениеті артуда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында "Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек" - деді. Бұл акцияны өңір тұрғындары да қолдауда.
СНХ: БИБІСАРА ҚАРЖАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Президент өз Жолдауында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына тоқтала кетті. Әрине, бұл науқанды қолдау керек. Себебі, осындай акцияның арқасында қаламыз қоқыстан тазартылып, жастар уақыттарын тиімді жұмсап жатыр.
РКС: Өңір тұрғындарының айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді дамыту - экономиканың сапалы өсуіне жол ашады. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында жүктелген міндетті орындау әрбір қазақстандықтың парызы.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ