ДИКТОР: Мемлекет басшысы Жолдауда барлық сектордағы цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттерді шешу қажеттігін атап өтті. Президент жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан толық цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне шешуші қадам жасағанын айтты. Мәселен, Көкшетауда «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің филиалы екі жылдан бері жұмыс істейді.

РКС: "Aqmola Hub" жұмысын басталғалы бері аймақта IT-стартаптарды қолдаудың тұтас экожүйесі құрылды. Компанияның қарқынды дамуына барлық жағдай жасалған. Өз кәсібін ашқысы келетіндер кеңестер алып, тегін коворкинг кеңістігі мен оқу курстары сияқты басқа да қолдау мүмкіндіктерін пайдалана алады. Қазіргі уақытта аймақтағы 200-ден астам IT-кәсіпкерлер 60-тан астам стартап жобаларына қатысуда. Олардың барлығы Astana Hub бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары.

СНХ: ДИАН АЙБАШПАНОВ, «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АВТОНОМДЫ КЛАСТЕРЛІК ҚОРЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша технопарктің 1800-ге жуық компаниясы резидент. Ақмола облысында 15 компания қазірдің өзінде Astana Hub технопаркінің резиденттері мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын, тетіктерін және бағдарламаларын пайдаланып жатқанын қуана хабарлаймыз. Бұл компанияларда 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл компаниялар 5 жылда 1 триллион теңгеден астам табыс тапқан. Alakan, Jet Sharing және 1fit сияқты мысалдар қазірдің өзінде біздің аймақта жұмыс істейді және олар Astana Hub тұрғындары.

РКС: Мемлекет басшысы «Astana Hub»ІТ-стартап халықаралық технопаркінің алдына негізгі екі міндет қойып отыр. 2027-ші жылға дейін ІТ қызмет түрлері мен өнімдерінің көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізу. Бұдан бөлек, 2028 жылы қазақстандық кәсіпкерлер арасында «бірмүйіз» пайда болуы тиіс. Бұл құны 1 миллиард доллардан астам болатын стартап-жоба. Ол үшін елімізге оқыған мамандар қажет.

СНХ: ДИАН АЙБАШПАНОВ, «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АВТОНОМДЫ КЛАСТЕРЛІК ҚОРЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2022 жылдан бастап елімізде «Tech Orda» гранттық бағдарламасы іске қосылды. Ол бойынша ІТ мамандарды заманауи цифрлық мамандықтарға оқыту .үшін қаржы бөлінеді. Қазір Ақмола облысы бойынша осы бағдарламаға сай жекеменшік 5 ІТ мектеп ашылды. 200-ден астам ақмолалық грантқа ие болды.

РКС: Биыл "Aqmola Hub" «Startup Orda» атты алғашқы аймақтық инкубациялық бағдарламасын іске қосады. Тренинг облыс орталығында офлайн режимінде өтеді. Осы уақытқа дейін 50-ден астам әзірлеуші қатысуға өтініш білдірген. Қазірдің өзінде өңірдің мақтануға тұрарлық дүниелері көп. Мысалы, көкшетаулық 15 жасар студент «AqmolaRP» мобильді рөлдік ойынын ойлап тапты. Бағдарлама нақты әлемді имитациялайды. Екі күндік бета-сынақ барысында ойын әлемнің түкпір-түкпірінен 2500 пайдаланушыны тартты.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ