ДИКТОР: Ақмола облысы экономиканың негізгі бағыттары бойынша алдығы орындардан көрініп келеді. Инвестицияның артуы, жаңа өндірістердің іске қосылуы, бизнесті қолдау мен өнеркәсіпті дамыту аймақтың тұрақты дамуы үшін мықты іргетас құруға мүмкіндік бермек

РКС: Жыл басынан бері аймаққа 456 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Биыл 248 миллиард теңгенің 226 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады деген болжам бар. Солардың арасында Целиноград ауданындағы аллюминий өндіретін зауыт, Көкшетау қаласында астықты қайта өңдейтін және ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін кәсіпорынды кеңейту жобасы бар.

СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жолдаудағы басым бағыттарды ескере отырып, біз аймақтың агроөнеркәсіптік әлеуетіне ерекше басымдық беріп отырмыз. Қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту маңызды. Астықты терең өңдеуге және жоғары бағамен өнім өндіруге ерекше мән беріп жатырмыз.

РКС: Ақмола облысында арнайы экономикалық аймақтар құрылған. Республикалық «AQMOLA» және үш өңірлік аймақ бар. Олардың алаңында ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тыңайтқыштар мен құрылыс материалдары өндірісі салаларында жобалар жүзеге асырылуда. Тек «AQMOLA» экономикалық аймағының өзінде 1 триллион теңгенің портфелі жасақталуда. Бес мы жұмыс орны құрылмақ.

СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Инвесторлармен үш деңгейлі жұмыс жүйесі тізілген. Ол сыртқы, орталық және аймақтық тізбекті қамтиды. Мұндай тәсіл инвестициялық жобалардың бастапқы сатыдағы мүддесі мен іске қосуын, одан әрі жүзеге асырылуын ілгерілету мен коммуникациясын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

РКС: Облыс ауыл шаруашылығы техникасын, құрылыс материалдарын, подшипник пен алтын өндіруде көш бастап тұр. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіптік жаңғырту мен инвестиция тарту экономиканы диверсификациялауды қалыптастырады. Мұның бәрі ең алдымен жұмыс орындарын ашу, халықтың табысы мен аймақ тұрғындарының өмір сапасынарттыруға бағытталған.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ