ДИКТОР: Қазақстан халқының Тілдері күніне орай Ақмола облысында тілдер онкүндігі өтіп жатыр. Қыркүйектің басынан бері 3 мыңнан астам шара ұйымдастырылды. Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай "Қара сөз бен жырдан қаланған ғұмыр" атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Міне көріп тұрғандарыңыздай, білім ошағында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтуде. Мектеп оқушылары Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін ортаға паш етуде.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ҚҰЛШЫМБЕК, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Осы іс-шараның аясында біздің оқушылар өздерінің өлеңдерін, қара сөздерін, Абайдың әндерін орындап, оның мұрасын дәріптей түсті. Осы кешке менде өзім ат салыса қатыстым. "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңін оқыдым. Бұл өлеңнің негізгі ойы жастарға үлгі, өнеге беру. Осындай іс-шаралардың бізге берері мол. Осындай іс-шаралар көптеп болғаның қалаймын. Себебі, Абай Құнанбайұлының тағылымы ол өте ғибратты.
РКС: Ғұлама Абай-қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Бірқатар елде ұлы тұлғаның құрметіне арнап ескерткіштер мен мұражайлар ашылды. Тіпті, Душанбе, Киев, Дели сынды мемлекеттердің басты көшелеріне Абай Құнанбаевтың есімі берілген. Абайды әлемге лайықты деңгейде таныту, оны еліміздің бренді ретінде кеңінен насихаттау-бүгінгі ұрпақтың борышы.
СНХ: АНАРГҮЛ ҚҰРМАШЕВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Міндетті түрде дүйсенбі күні яғни аптаның басында таңертеңгі сап түзеуде "Абай ізімен" деп Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылады. "Абай үні" деген жобамыз бар. Ол біздің апталық жаңалықтарымыз. Онда да "Абай үні" радио жаңалығында мектептегі іс-шаралар барлығы дәріптеліп, насихатталады. Жалпы оқушыларымыз республика көлемінде өтіп жатқан "Абайтану" пән олимпиадасына қатысады. Абай желісі мектептер қатарына енгендіктен біздің Абайтану деген пән негізгі пән деп есептеліп, аптасына сабақ кестесіне қойылып, одан да бақылау жұмыстары, тоқсандық жиындық бақылау жұмыстары алынып кәдімгідегідей пән ретінде оқытылады.
РКС: Тіл туралы алғашқы Заң 1989 жылы 22-ші қыркүйекте қабылданған. Алайда 2017 жылы "Қазақстан Республикасында мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы" қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылды. Содан бері еліміздің әр түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, сала мамандары мен мектеп оқушылары ана тілімізді дәріптеп келеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ