ДИКТОР: Ақмола облысының шаруаларына жаңа онлайн-сервис таныстырылды. Көкшетауда орақ науқанының аяқталуына орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараны «ҚазАгроқаржы» компаниясы облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырды.
РКС: Аталған шара Мемлекет басшысының жолдауындағы агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударды. Аграрийлерге техника лизингіне өтінім берудің жаңа онлайн-сервисі таныстырылды. Енді құжаттарды рәсімдеу процесі 10 минуттан аспайды. Кездесу барысында мамандар «ҚазАгроқаржы» порталында құжаттарды онлайн түрде тапсырудың тәртібін көрсетті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ, «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұрын біздің фермерлер толық құжаттар пакетін жинап, оны тікелей кеңсеге әкелуі қажет болатын. Қазір олар біздің портал немесе сайт арқылы өтінім беріп, 3–4 құжатты қоса тіркеп, небәрі 5–10 минут ішінде өз өтінімі бойынша шешім ала алады. Бұл шешім фермерлерге де, біздің қызметкерлеріміз үшін де процесті барынша жеңілдетті. Қағазбастылық пен артық жұмыстардың қажеттілігі жойылды. Мұның басты себебі – біздің мемлекеттік деректер базаларымен бір жерге шоғырланудың арқасында барлық қажетті мәліметтің автоматты түрде алынуы.
РКС: Компанияның деректері бойынша, «ҚазАгроқаржы» Ақмола облысындағы қызметі барысында өңірге 286 миллиард теңгеден астам инвестиция құйды. Фермерлер шамамен 11 мың техника сатып алды. Тек биылдың өзінде 29 миллиард теңгеден астам сомаға 592 өтінім қаржыландырылды.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ӨҢІРЛІК «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Агролизинг бағдарламасы өзін оң жағынан жақсы көрсетті. Баршамызға белгілі, биыл Президенттің тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға шамамен 1 триллион теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде биыл облыста 36,6 миллиард теңгеге мыңнан аса жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Бұл – біздің ауыл шаруашылығы өндірушілеріміз үшін мемлекеттік қолдаудың теңдесі жоқ шарасы деп есептейміз.
РКС: Шара соңында қатысушылар ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау, жеңілдетілген қаржыландыру және өңір фермерлерін толғандыратын өзге де өзекті мәселелерді талқылады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ