ДИКТОР: Көкшетауда сексеннің сеңгіріне шыққан ата-әжелер каратэмен шұғылданады. Осыдан бір жарым ай бұрын белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанынан ашылған үйірмеге бүгінде 50-ге жуық қария келеді. Олар спорт арқылы жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, бұлшықет пен буындарын шынықтыруда.

ИНТЕР ШУМ:

РКС: 80-ге аяқ басқан Александра Кәрімжанова каратэ үйірмесі ашылған күннен үзбей қатысып жүр. Қимылы ширақ, санасы сергек. Ол орталықта каратэдан басқа тағы бірнеше үйірмеге жазылған.

СНХ: АЛЕКСАНДРА КӘРІМЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Менің давлением болған, учетта тұратынмын. Қазір басым ауырмайды. Бәрі жақсы. Тізе буын ауырады ғой кәрі кісінікі, 2-3 этажға свободно мініп түсе аламын. Маған өте ұнады.

ИНТЕР ШУМ:

РКС: Ал Есет Ахметжановтың жасы 82-де. Каратэге келгелі 3 келі салмақ тастаған. Қазір тынысы алуы жақсарып, өзін жайлы сезінетінін айтады.

СНХ: ЕСЕТ АХМЕТЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы каратэге келгеніміз өте жақсы, денсаулығымыз жақсы, аяғымыз, демалысымыз жақсы болды. Көңіл-күйіміз де жақсы. Өте көп дос таптық, ауылдан келгендер бар. Күшті, бұрын көз көргендер бар. Дегенмен бізге өте жақсы өте ыңғайлы. Үйде жай отырғаннан.

РКС: Үйірме жетекшісі Меруерт Сейітқалиеваның айтуынша, қарт адамдардың жауапкершілігі өте жоғары, жаттығуды өткізіп алмай, бар ынта-жігерімен қатысады. Олардың спортқа құштарлығы басқа қатысушыларға мотивация береді.

СНХ: МЕРУЕРТ СЕЙІТҚАЛИЕВА, ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ: Осы бір жарым айдың ішінде өте жақсы нәтижеге шықтық. Үлкен ата-әжелер келгенде айтатын менің тізем ауыратын, белім ауырады деп. Қазір бір жарым айдан кейін айтуларынша аурулары азайыпты.

РКС: Көкшетаудағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 16 үйірме жұмыс істейді. Орталыққа зейнет жасындағы 1 мыңнан аса адам келеді. Мұнда әр зейнеткер шамамен 3 үйірмеге қатысады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ