ДИКТОР: Биыл облыста энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 94 млрд.теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
РКС: Бүгінде өңір тұрғындарының барлығы дерлік орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізіп отыр. Қалаларда 99, ал ауылды жерлерде 96 проценттен астам. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті толығымен аяқтау көзделіп отыр. Осы мақсатқа жету үшін су құбыры желілері салынып, қайта жаңартылып, заманауи су тазарту қондырғылары орнатылуда.
СНХ: БАҚТЫБЕК ЖАПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жыл соңына дейін қала халқын сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділікті толық қамтамасыз ету үшін Қосшы, Көкшетау, Макинск және Ерейментау қалаларында 4 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Оны жүзеге асыру үшін республикалық қазынадан 1,6, арнайы мемлекеттік қордан 1,1 және облыстық бюджеттен де осынша қаржы бөлінді. Барлық нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс 4-ші тоқсанда аяқталады деген жоспар бар.
РКС: Жылу беру маусымына дайындық мәселесіне ерекше екпін беріліп отыр. Бұл мақсатқа 43 миллиард теңге бағытталды. Жылу жүйелерін жөндеу және жаңғырту жұмыстары аяқталуда. 8 мың абонентті жылумен қамтамасыз ететін жаңа нысандар да салынып жатыр. Қазандықтарды ауыстыру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
СНХ: БАҚТЫБЕК ЖАПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұдан бөлек, жыл сайын қазандықтарда арнайы агрегаттарды ауыстыру қажет. Облыс бойынша коммуналдық 90 коммуналдық қазандықта 300-дей арнайы қазандық бар. Биыл соның 59-ы ауыстырылды. Барлық қазандық орнатылды. Тек Аршалы ауданында 3 тұтату қондырғысының қосымша жабдықтарын жеткізу қажет. Қалған өңірде ағымдағы жөндеу толығымен аяқталды.
РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс бойынша елорда маңындағы елдімекендерді орталықтандырылған газбен жаьдықтау ісі қарқынды жалғасуда. Жыл басынан бері Целиноград ауданының ауылдарында 209 шақырым газ тарату желісі қолданысқа берілді. Осылайша Нұрлы, Шұбар және Аққайың ауылдары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Осы аптада тағы бір ірі жоба аяқталды. Қосшы қаласында 192 шақырым газбен жабдықтау желісі іске қосылды. Бұл өз кезегінде Целиноград ауданының 4,5 мың және Қосшы қаласының 30 мың тұрғынын орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ