ДИКТОР: Ата-бабаларымыз етті ұзақ сақтаудың әдістерін ертеректен білген. Жас еттен гөрі сүрдің адам ағзасына пайдасы орасан екенін де жақсы түсінген. Еліміздің әр түкпірінде етті өзінше ыстайды. Ал біз бүгін еліміздің Солтүстік өңіріндегі ет сүрлеу әдісі туралы айтайық.
ИНТЕР ШУМ: Бүгін менде ерекше тапсырыс, міне мында 25 қазы, 20 шұжық. С.Майғазиев пен Динара ханымнан осындай ерекше тапсырыс алдым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе сол 25 қазы мен 20 шұжықты дайындап, уақытында жеткіздік. Анар апай аман есен жетті, алдық, түрінің өзі аппетитный екен.
РКС: Анар Нұрмағанбетова ет сүрлеуді осыдан 37 жыл бұрын, яғни 20 жасында келін болып түскенде үйренген. Енесі көрсеткен ерекше әдісті мұқият меңгерген ол қазір ет ыстауды шағын кәсіпке айналдырған.
СНХ: АНАР НҰРМАҒАНБЕТОВА, КӘСІПКЕР: Біз жылқыны сатып аламыз, маңайдағы ауылдардан. Оны сойып беретін кісілер де бар. Алып келгеннен кейін біз оны тұздаймыз, қазыларды чеснок, тұз, бұрыш қосып тұздаймыз. Еттерді жәй тұзбен тұздап, бір сөтке тұру керек. Ет қызыл болады ғой, бір сөткеден кейін еттің түрі мынадай болып шығады. Сүрлегенде әдемі болады. Бір сөтке жәй жатпайды, оны аударып отырамыз. Еттің үстінде бір грамм тұз қалмайды.
РКС: Анар ханым бір сүрлегенде бір жылқының етін толығымен қақтайды. Тәулік бойы тұзда тұрған етті іліп, қабығы аршылған қайың ағашының түтініне ыстайды.
ИНТЕР ШУМ: Етті мен осындай крючоктарға ілемін, былтыр жіпке ілетінмін. Қазір осындай крючоктар сатып алдық, соған ілемін. Ара қашықтығын жақын қылмаймыз, түтін бару үшін, арасы жақын болса түтін көп бармайды.
РКС: Кәсіп иесі дәстүрлі әдіспен сүрленген етті Америка құрама штаттары, Ресей, Түркия, біріккен Араб әмірліктеріне жібереді. Жақында Шымкент қаласынан түскен тапсырысқа орай тұтас бір жылқы етін әзірлеп берген. Ал Ақтау қаласына өнімді көлікпен 3 күнде жеткізеді. Мұндай еттің бір ерекшелігі бүлінбейді. Анасының ет сүрлеп жатқан сәтін осыдан бірер жыл бұрын ұлы Дәулет таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салады. Аз ғана уақытта видеоны көріп тамашалағандар саны 2 млнға жуықтаған. Көп ұзамай тың тәсілді үйренуге ниеттілер де арта түсіпті.
СНХ: АНАР НҰРМАҒАНБЕТОВА, КӘСІПКЕР: Былтыр маған қыркүйек айында бір келіншек звондайды маған ет ыстауды үйретіңізші мен Оралдан келіп тұрмын дейді. Жарайды келіңіз дедім сонау жақтан келгесін, қожалық ұстайды екен. Шақырып алдым да үйреттім. Ол кісі қазір ыстап жатыр Оралда.
СНХ: ДӘУЛЕТ МҮРСАЛ, ҰЛЫ: Мамам көршілерге ет ыстайтын, ол жұмыс істемейді. Мама сізге кәсіп ашайық инстаграм ашайық, көрейік дедім. Аштық ол бірден қаралым жинай бастады. Оқырмандар тіркеле бастады. Енді шүкір 1 жылдан аса уақытта инстаграмда 35 мың, тиктокта 40 мың оқырман бар. Бүкіл Қазақстан бойынша анам бір жылдың ішінде ысталған еттің амбассадорына айналды. Ысталған ет десе барлығы Анар ханымды еске алады.
РКС: Ертеректе үлкендер қыстан қалған етті ғана сүрлейтін. Қазір қысы жазы тапсырыс беріледі. Өйткені ысталған еттің дәмі ерекше.
ИНТЕР ШУМ: Мынау шұжық, кейбір жерде сұрайды қазы мен шұжықтың айырмашылығын. Қазы бізде жалаңаш болады. Ал шұжық бізде міне осылай. Ұсақтап маймен турап, оны біз шекке саламыз. Біздің жақта оны шұжық дейді. Тапсырыс берушілер көп, оңтүстік жақтар сұрап жатады. Шұжық пен қазы қалай шұжық деген немене ол деп. Шұжық деген міне осы.
РКС: Анар Нұрмағанбетова бар білгенін ұлы Дәулетке үйретіп жүр. Баласы алдағы уақытта бұл кәсіпті дамытып, үлкен қалаларда дүкен ашуды көздеп отыр.