ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданына жұмыс сапары аясында егін орағының барысын көріп, жылыжай, көкөніс қоймасын аралады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Одан соң аймақ басысы тұрғындармен кездесті. Айта кету керек, бұл жолғы кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті.
РКС: «Органико» серіктестігі ондаған жыл өз өнімін сатумен айналысып келеді. Диверсификация аясында компания шағын дақыл өсіруді тоқтатып, майлы дақылдарды, сондай-ақ көкөніс өсіруге көшті. Биыл серіктестік жеңілдетілген несиемен техника мен тыңайтқыш сатып алды.
СНХ: ДАМИР БОЛДАНОВ, «ОРГАНИКО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің шаруашылық 1996 жылдан бері өсімдік және мал шаруашылығымен қатар айналысып келеді. Соңғы оқиғаларға байланысты кәсіпті диверсификациялауға шешім қабылдап, көкөніс бағытын таңдадық. Сондықтан алқапта сәбіз бен картоп өсіріп жатырмыз. Салқын уақытта жылыжайда қияр өсіреміз. Биыл 80 гектар аумаққа сәбіз, 100 гектар жерге картоп отырғыздық.
РКС: Шаруашылықта 100-ден астам адам еңбек етеді. Мұнда экологиялық таза өнім өндіріледі. Қажет тұқымды Европадан сатып алдық,-дейді шаруашылық директоры. Жылыжай кешені қызметінің негізгі түрі – өсімдік шаруашылығы. Көкөніс, оның тұқымы мен өскіндері, сондай-ақ дәнді және бұршақты дақылдар да өсіріледі. Тұқым шаруашылығы да жолға қойылған. Көкөніс қоймасының жобалық қуаттылығы екі мың тонна. Құны 600 миллион теңге.
ЛЮФТ:
- Что за семена? Откуда?
- Голландские семена. Морковь, огурцы тоже закупается из Европы. – Сколько стоит килограмм картошки? – 120 тенге, однако это зависит от калибра картофеля. Морковка 140 тенге.
РКС: Одан соң Марат Ахметжанов «Заречный» серіктестігінде ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Биыл мемлекеттік қолдаудың аясында 48 ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша 15,9 милллиард теңге алды. Кәсіпкерлер көктемгі егіс науқаны мен күзгі егін орағын уақытылы өткізу үшін осындай қолдаудың игілігін көрді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көктемгі егіс науқаны басталғанға дейін қажетті несиелік қаржыны беруді сұрайсыздар. Биыл тыңайтқыштар сатып алуға 12 миллиард теңге субсидия бөлдік, соның 60 процентін беру үшін. Өтінімдер бойынша қанша жанар-жағар май қажет, оны да толығымен қамтамасыз еттік. 47 миллиард теңгеге облыс ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. 1,5 мың комбайн және өзге де техника күзгі егінді төкпей-шашпай жинап алу үшін өңірге жеткізілді. Биылғы жоспарымыз былтырғыдан да жақсы, қазірдің өзінде 4 миллион тонна астық жиналды.
РКС: Облыс әкімі «Заречный» серіктестігіндегі мал шаруашылығы кешенін аралап көрді. Бордақылау алаңының бір реттік күтіп-ұстауының өндірістік қуаттылығы 1,5 мың ірі қара малға шақталған. Одан соң аймақ басшысы Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен кездесті. Жиын «сұрақ-жауап» форматында өтті. Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына кеңінен тоқталды. Ауыл шаруашылығы басым бағыттың бірі. Сонымен бірге өңірге инвестиция тарту мәселесі де өзекті.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ