ДИКТОР: Қыркүйектің бірі мен қарашаның 1-і аралығында Ақмола облысының аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара Ішкі істер министрінің 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялауы аясында жүзеге асырылуда. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу талабы қойылып отыр. Сонымен қатар азаматтармен, тығыз сенімгерлік қатынастар орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қоса отырып, полицияның барлық күш пен құралдары жұмылдырылды.

РКС: «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуге 1,5 мыңнан астам полиция қызметкері тартылды. Оның 400-дейі учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері, криминалдық полицияның жедел уәкілдері, полицияның қосымша күштері мен пробация қызметкерлері. Олар әкімшілік учаскелердегі тұрғындарды, қару иелерін, шетел азаматарын, жалға берілетін пәтерлерді, саяжайлар мен шалғай учаскелерді тексеруде. Жедел іс-шара барысында тұрғылықты мекенжайы жоқ 24 тұлға анықталды. Олардың жеке басын анықтағанға дейін мәжбүрлеп ұстаудың алдын алу шаралары қолданылды.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қадағалаусыз болған, оның ішінде

құқық бұзушылықтарды жасаған 158 жасөспірімдер ұсталды, оның ішінде

10 спирттік ішімдіктерді ішкені үшін, 3 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Тұрғылықты мекенжайлары бойынша тұрған 4,5 мың заң мен көзделген шектеулері бар есептегі тұлғалар тексерілді, оның ішінде 300 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, 169 тұлға әкімшілік қадағалауды тұрғандар, 1 мыңнан астам отбасылық-тұрмыстық қарым қатынастар саласында зорлық-зомбылық жасаған азаматтар және 602 қолайсыз ата-аналар, 800-ден астам пробация есептерінде тұрған тұлғалар тексерілді.

РКС: Облыс аумағында 9,5 мың азамат қару иесі ретінде есепте тұр. Соның

3 мыңы тексеріліп, қару сақтаудың ережесін бұзудың 59 фактісі анықталды. 53 қару тәркіленді. Бұдан бөлек, қаруды уақытылы тіркемегені немесе сақтау мерзімін ұзартпағаны үшін 15 азамат жауапкершілікке тартылды. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында заңды түрде тіркелмеген тегіс ұңғыл 8 қару тәркіленді.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы іс-шараның барысында 4,5 мың тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осыдан 141 адам отбасылық-тұрмыстық саласында зорлық-зомбылық жасағаны үшін, 35 ата-ана кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны, 7 факт біреудің мүлкен қасақана бұзғаны, 57 ұсақ бұзақылықтар, 15 қоғамдық орындады ластағаны, 481 факт қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны, 11-і психотроптық заттарды медициналық емес тұтыну, 918 үй-жайларды тіркеусіз тұрғаны және тағы басқа да құқық бұзушылықтар.

РКС: Қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жұмыс қарашаның біріне дейін жалғасады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ