ДИКТОР: Биыл Қазақстанда алғаш рет санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні аталып өтілуде. Бұл күн халықтың денсаулығын күн сайын күзететін жандардың кәсіби мерекесі.

РКС: Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 20-шы ғасырдың басында қалыптасты. Бұл кезеңде еліміз ауқымды инфекциялық сын-қатерлермен бетпе-бет келген еді. 1920-1930-шы жылдары борлашақ жүйенің іргетасын қалаған санитарлық инспекциялар мен эпидемиологиялық отрядтар құрыла бастады.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл күн көзге көрінбей қалатын, бірақ халықтың денсаулығы мен адамдығын сақтауда шешуші рөл атқаратын еңбегіміз маңыздылығы мен мәнін мойындаудың айқын белгісі.Көптеген жылдар бойы санитариялық эпидемиологиялық қызмет халық денсаулығының сенімді қорғаушысы болып келеді.Жұқпалы аурулардың таралуын болдырмай қоғамның санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріңіз біз күн сайын жауапты әрі мәртебелі міндетті халқымыздың өмірі мен денсаулығын қорғау миссиясын атқарып келеміз.

РКС: Салтанатты шара барысында саланың дамуына елеулі үлес қосқан үздік маман иелері марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖАРАС СЕМБАЕВ, ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының алғашқы ресми күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбегіміз қаншалықты сұранысқа ие болса, соншалықты елеп-ескеріліп бағалансын. Ең бастысы дендеріңіз сау болып, отбастарыңыздың амандығын тілеймін. Жаңа табыс, кәсіби жетістік, ертеңгі күнге сенім, ұлттың денсаулығын қорғаудағы ортақ істе мықты командалық рухымыз биіктей берсін. Маңызды миссияны атқарып жүрсіздер, өлшеусіз еңбектеріңізге алғыс айтамын. Мерекелеріңізбен!

РКС: Жүйе COVID-19 пандемия кезінде ерекше сынақтан өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет індетті жоюға қатысты шараларды үйлестірді. Жаппай тестілеу, карантиндік шаралар, тұрғындарды вакцинациялауды қолға алды. Бұл тәжірибе материалдық-техникалық базаны нығайту, зертханалық жүйені кеңейту мен цифрлық бақылау құралдарын енгізу қажеттігін көрсетті.

СНХ: ӘБСАТТАР ИСА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Әлемді шарпыған коронавирус инфекциясының өздеріңіз білесіздер, бес жыл өтсе де әлі күнге шейін оның әсері оның ұмтылмасы.Біздің санитарлық эпидемиологиялықлық қызметі мамандарының үлкен орасан зор еңбегін тағы да айтып өткім келеді елімізде алғаш рет болған детальды жағдай жаңағы.

РКС: Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығын бақылаудың заманауи мемлекеттік жүйесі. Санитарлық эпидемиологиялық қызмет күн сайын қауіпті уақытылы анықтап, оның алдын алу бағытында жұмыс істейді. Кәсіби мамандар қоғамның денсаулығын және еліміздің әр тұрғынының қауіпсіздігін қорғауда алдыңғы шепте тұрғанын айта кету керек.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ