ДИКТОР: Жақсы ауданына қарасты Жаңа-Қима ауылында Тұрсынбек Уәлиев атындағы жаңа спорт кешені ашылды. Заманауи ғимаратта үш бірдей ауылдың 160 оқушысы спортпен шұғылдануда. Нысан «Агрофирма TNK» серіктестігінің қолдауымен салынған. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен және спортшылардың жұмысымен танысты.
РКС: Жаңа-Қима ауылының спорт саласы бүгінде заманауи жағдаймен және кәсіби мамандармен толыққан. Ғимарат бокс, күрес, волейбол және өзге де ойын спорт түрлеріне арналған залдармен, қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Ауданы 1100 шаршы метрді құрайтын үлкен залда бір мезгілде бірнеше жаттығу өткізуге мүмкіндік бар. Бірінші қабатта медициналық пункт, жаттықтырушылар кабинеттері және киім ауыстыруға арналған бөлмелер орналасқан. Облыс әкімі Марат Ахметжанов спортшылармен кездесіп, үздік нәтиже көрсетіп жүрген атлеттерге жеке дайындық ұйымдастыру және мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.
ИНТЕРШУМ: : Надо понимать: здесь нужно всемирную поддержку делать. Один за собой потянет всех — это сильный мотиватор. Поэтому ведущий тропинку протопчет — остальные пойдут за ним, будут смотреть, и психологически они будут понимать: оказывается, Азиз с нами тренировался, на этом ковре мы с ним боролись, он стал чемпионом — почему я не могу!? Надо срочно нам подготовить пару атлетов, которые будут выступать на мировом уровне.
РКС: Әзиз Ғасымов грек-рим күресімен шамамен 10 жыл бойы айналысып келеді. Ол – Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Спортшы алдағы уақытта осы спорт түріндегі жетістіктерін еселеп, республикалық чемпионатта топ жарып, Орталық Азияда өтетін жарыстарға қатысуды мақсат етіп отыр.
СНХ: ӘЗИЗ ҒАСЫМОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ БОЙЫНША АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ: Мен спорттық жолымды Жақсы ауылында бастадым. Әкем алғаш рет мені секцияға алып келгеннен кейін бұл спорт түрі маған ұнап, жаттығуды жүйелі түрде жалғастырдым. Әкем жаттығуларға апарып жүрді. Кейін жарыстарда жеңіске жете бастаған соң, қызығушылығым одан әрі артты. Содан бері осы спортпен тұрақты түрде айналысып келемін
РКС: Облысқа грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы, Азия және Олимпия ойындарының жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Юрий Мельниченко да іссапармен келді. Ол аймақта спорт саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде спорттық нысандар жаңғыртылып, жаңа ғимараттар салынуда. Бұл өз кезегінде балалардың ерте жастан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік береді.
СНХ: ЮРИЙ МЕЛЬНИЧЕНКО, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Қазір спорттық инфрақұрылымның айтарлықтай дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бұл балаларды ерте жастан салауатты өмір салтына тартуға зор мүмкіндік береді. Ақмола облысы әкімі Марат Мұратұлының басшылығымен жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сондай-ақ ірі кәсіпкерлердің бұл бастамаларды қолдап отырғанын ерекше атап өткен жөн. Бүгін біз Жақсы ауданы Жаңа-Қыйма ауылындағы спорт кешенінде болып, мұнда бокс, грек-рим күресі және түрлі ойын спорт түрлерінің дамуына жағдай жасалғанына көз жеткіздік.
РКС: Жақсы ауданы Қазақстан спортына айырықша үлес қосып келеді. Бұл өңір бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан мен азиялық турнирлердің жүлдегері ағайынды Ғасымовтар сияқты бірқатар танымал спортшыны тәрбиеледі. Облыс әкімі Марат Ахметжанов әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы үшін бизнестің қолдауы шешуші роль атқаратынын атап өтті.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ