ДИКТОР: «Таза Қазақстан» жобасы екінші жыл қатарынан оң нәтиже көрсетіп, миллиондаған жанашыр азаматты біріктіріп келе жатыр,-деп атап өтті Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында. Өткен демалыс күндері Қазақстан «Birge – Taza Qazaqstan» дүниежүзілік акциясына қосылды. Ауқымды экологиялық қозғалыс әлемнің тағы 150 елінде өтті. Оған 380 миллионнан астам адам қатысты.

РКС: Алғашқы жартыжылдықта Ақмола облысында 460 мыңнан астам адам экологиялық акцияларға қатысты. Өңірде 270 мың гектардан астам аумақ тазартылды. Нәтижесінде 80 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Казақстанның осы бастамаға косылуы елдің жалаңдық экологиялық қозғалыстардың белсенді қатысушысы ретінде имиджін нығайтып, «жасыл экономика» қағидаттарын және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын дәйекті түрде жузеге асыруға мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, биылгы Жолдауында Қазақстан Республикасынң Президенті өткен жылдан бастап миллиондаған жанашыр азаматтарды біріктірген «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы табысты іске асырылып келе жатқанын атап өтті.

РКС: Экологиялық акцияға қатысушылардың саны жыл озған сайын арта түсуде. Бұл азаматтардың экологиялық санасы қалыптасып, сонымен бірге табиғатты сақтауға деген жауапкершілігі артып келе жатқанын көрсетеді.

СНХ: АЛИНА СҰЛТАНОВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Әрқашан да осындай тазалық шараларына қатысып отырып, осы «Таза Қазақстан» акциясына үнемі үлесімізді қосып жүреміз.

СНХ: МӨЛДІР ЖАСҰЛАНОВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Студенттер осындай акцияларға жиі қатысуға тырысады. Себебі бұл біз үшін өте маңызды. Бұл – ел алдындағы борышымыз. Экология – өміріміздегі ең басты мәселелердің бірі. Мұндай іс-шараларға қатысу арқлы елдің дамуына үлкен үлес қосамыз.

РКС: Қазанның 11-іне дейін, әр сенбіде, еліміз бойынша акциялар мен сенбіліктер ұйымдастырылады. Қазанның 4-і күні ағаш көшеттерін отырғызу күні өтеді. Ал, 11-інші қазанда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Мемлекет басшысының қатысуымен ауқымды іс-шара өткізіледі деген. Жоспар бар.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.