ДИКТОР: Өткен жексенбіде Ақмола облысының 4 ауданындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. 3 ауылдық округте және 1 кентте тұрғындар өз таңдауын жасады. Барлығы 12 үміткер сайлауға түсті. Оның біреуі "Respublica" партиясынан, ал 11 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Саяси науқанның Бурабай өңірінде қалай өткені жайлы әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК:ТІЛШІ: Бұл Бурабай ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп. Мұнда №336 сайлау участкісі орналасқан. Таңғы 7-ден бастап тұрғындар дауыс беруде. Жалпы жоспар бойынша бұл участкіде халықтың 50 проценті дауыс беруі тиіс.

СНХ: ЭЛЬВИРА ШЛЕЙНЕНГИР, №336 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ең алқашқы сайлаушы сағат 07:01-де келді. Жалпы біздің сайлау учаскесінде халықтың 50 проценті дауыс беруі тиіс. Тұрғындарымыз дұрыс таңдау жасайды деген үміттеміз. Болашақ сайланған әкім кентіміз үшін еңбектеніп, оны көркейтеді деген ойдамыз.

РКС: Науқанға қатысқан тұрғындар өздері қалаған үміткерге дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Олар жеңіске жеткен әкім елдімекеннің көркейіп, дамуына аянбай тер төгеді деген үмітте.

СНХ: АЛЕСКАНДР ЛИТКОВСКИЙ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жұбайымыз екеуміз келіп, өз таңдауымызды жасадық. Барлығы жақсы болады деп үміттенеміз. Осындай керемет күні сайлау науқаны өтіп жатыр. Жаңа әкіміміз ауылды көркейтіп, қоқыстан тазартып, барлығына бас-көз болады деген үміттеміз.

РКС: Ал бұл Оқжетпес ауылында орналасқан №341 сайлау учаскесі. Таңғы 7-ден бастап 200-ден астам тұрғын келіп, өз таңдауын жасады. Сайлау науқаны бекітілген талаптарға сай өткізілді. Учаскеде 5 комиссия мүшесі сайлау ережелерінің сақталуын қатаң қадағалады.

СНХ: ӘЛИЯ МҰҚАНОВА, №341 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біздің учаскеде 515 сайлаушы бар. Негізінен белсенді сайлаушылар. Дауыс берушілердің басым бөлігі түске дейін болды. Сайлау өте жақсы, заңбұзушылықсыз өтуде.

РКС: Сайлау қорытындысы бойынша Бурабай кентінің әкімі болып Серікболсын Хасенов сайланды. Бұл үміткерге 3500-ден астам сайлаушының 1264-ы дауыс берді. Ал, Шортанды ауданына қарасты Петровка ауылдық округінің әкімі болып Ербол Блишев сайланды. Зеренді ауданына қарасты Симферополь ауылының әкімдігіне 3 кандидат ұсынылған. 500-ге жуық сайлаушының 300-ден астамы Азамат Сәбитовке дауыс берді. Ал, Әсел Нұрашева 82 дауыспен Біржан сал ауданы, Уәлиханов ауылының әкімі болып сайланды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ