ДИКТОР: Цифрлық трансформация – ел дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақтарда цифрлық экожүйені қалыптастыру, инновациялық шешімдерді енгізу және жастардың осы үдерістегі рөлін арттыру басты назарда. Осыған орай, бүгін Ақмола облысындағы жоғары оқу орындарының базасында аталған бағыттағы маңызды жолдауды талқылау жиыны ұйымдастырылды.

РКС: Бүгін Ақмола облысындағы жетекші университеттердің бірі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде цифрлық трансформация мен инновация тақырыбына арналған маңызды Жолдауды талқылау өтті. Бұл шара өңірдің дамуына үлес қосуға дайын жастардың белсенділігін тағы бір мәрте көрсетті. Цифрлық трансформация – бұл тек технология емес, бұл жаңа ойлау жүйесі. Біз жастарды осы үрдістің қозғаушы күші ретінде көреміз-дейді жиынға қатысушы студенттер.

СНХ:МАДИНА ӘУЕЛБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазақстан трансформациялық дәуірден өтіп отыр. Яғни түрлі цифрлық құрылғыларға өтіп жатыр.Соның арқасында жастар көптеген жаңа білім, өздеріне деген жаңа мақсаттар алып отыр. Тіпті университеттерге электрондық кітапханаларды еңгізу арқылы біз көптеген мәліметтерді үйден шықпай-ақ ала аламыз. Өзімізге керек мәліметті де дәл уақытында алуға да мүмкіндіктеріміз көбейіп отыр. Одан бөлек искуственный интеллект арқасында дәл қазір цифрлық дамудың арқасында көптеген жастар өздеріне керекті жоспарларды,өздерінің күнтізбесін мемлекеттік университтерге тапсыру және де өзіне керекті ақпаратты тез әрі анық түрде алғандықтан жастардың білімге деген қызығушылықтары артып келе жатыр деп ойлаймын.

СНХ: МЕРЕЙ ТІЛЕУБАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен дөңгелек үстел жиынына қатысып шықтым. Қазіргі таңда менің түйгенім бұл отырыстан жасанды интеллектінің жас ұстаздарға мектеп бағдарламасында өте тиімді әдіске айналғанына қуаныштымын. Өйткені жасанды интеллектінің бізге берері өте көп. Студенттерді,оқушыларды білікті маман ретінде ой өрісі дамыған,кеңйеген ұрпақ етіп қалыптастыра аламыз. Тәрбие жағынан болсын,ол

РКС: Талқылау соңында студенттер ауыл-аймақтарға арналған цифрлық сервистерді дамыту, жас ІТ мамандарға қолдау көрсету және жергілікті стартаптарды қаржыландыру механизмдерін жетілдіруге қатысты өз ойларымен қатар бірқатар ұсыныс та айтты.

СНХ:АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Негізгі мақсат Президент жанындағы цифровизациия идеясын студенттер арасында талқылау. Бұл студент жастарға не береді. Мысалы әртүрлі оқу бағдарламаларна жаңа кусртар енгізіліп жатыр цифровизацияға мысалы және біздің студеттер әлемдегі ірі ірі курстарды оқып жатыр. Айсана деген мысалы ертең студент маман болған болғанда жұмысына пайдалануға қажет деп ойлаймыз.

РКС: Цифрлық болашақ – бүгінгі жастардың қолында. Ақмолалық студенттер бұл бағытта білім алумен қатар, өңірдің дамуына нақты үлес қосуға дайын екендерін көрсетті.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ