ДИКТОР: "Amanat" партиясының облыстық филиалында жол картасының орындалмай қалу қаупіне байланысты депутаттық фракцияның отырысы өтті. Жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов қатысты. Фракцияның отырысында тағы қандай өзекті тақырыптар талқыланды? Тілшіміз Лаура Дәулетбек баяндайды.
РКС: Отырыс барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов "Amanat" партиясының «Халықпен бірге!" 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы жайлы баяндады. Жол картасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Оның көріністерінің бірі - Астананың төңірегіндегі Астана агломерацияға кіретін индустриялық аймақ Аршалы ауданында жұмыс істеп бастадық. Оған біз шетелдік және қазақстандық инвесторлардың ішінен 1 триллион 100 миллиард теңгеге жуық инвестициялық жобаларды тартып, орнықтырып жатырмыз. Ол жерге біз біраз электр қуатын, су құбырларын тартып, үлгеріп дайындап қойдық. Енді құрылыстар бірте-бірте басталып жатыр. Одан басқа "КөкшеИнвестор" деген индустриялық аймақты аштық. Оның ең басты мақсаты біздің Көкшетаудың әлеуетін жалпы географиялық жағынан қандай ұтымды жағдайлар бар соңы ескере отырып, транспорттық-логистикалық хаб ретінде терең өңдеуге байланысты жобаларды аштық. Ол жерде құрылыс басталып кетті.
РКС: Целиноград және Аршалы аудандары елордаға жақын болғандықтан бұл өңірлердің дамуына ерекше екпін беріліп отыр. Алайда, шалғайда жатқан елдімекен тұрғындарының жағдайы мәз емес. Мәселен, Ерейментау ауданының халқы ұзақ жыл сапалы ауыз суға жарымай келеді. Оған қоса, жолдың жай-күйі де алаңдатып отыр. Сол себепті ауыл тұрғындарының елдімекеннен жаппай көшу тенденциясы байқалады. Жиын барысында облыстық мәслихаттың депутаты Бекім Әкімов өңір тұрғындарын толғандырып жүрген мәселені көпшілік талқыға салды.
ИНТЕРШУМ: Біз өз қолымызбен бар ғой миграция жасап жатырмыз ғой. Ауылдың бәрін тазартып. Ертең мынау ауыл шаруашылықпен айналысатын қожалықтарда жұмысшы болмайды. Осы сұрақты көтеру керек. Алдыменен ауылға жасап алу керек. Президентіміз айтып отыр ғой қалаға көшіп келіп жатыр, қалаға көшіп келіп жатыр деп. Конечно! Агломерацияны бекітіп тастаған. Ерейментаумен мынау Егіндікөлге бермейсіздер. Алдымен Аршалы ауданы мен Целиноград ауданына бересіздер қаражатты. Дұрыс қой осы жерден бюджетке қарап отыр бәрі. Бізге агломерация керек емес.
РКС: "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында бой көтерген білім ошақтары да жиын барысында талқыланды. Келер жылы мектептер 3 ауысымды білім беру жүйесі қайтадан оралуы мүмкін. Себебі, шалғайдағы білім ордаларының жағдайы мүшкіл.
ИНТЕРШУМ: Ауылды жерлерде шағын 100 орындық па или 200 орындық па мектеп неге салмасқа? Ауылдың адамдары тоже хотят сондай условияларды.
- Сосын да ауылдан кісілер көшіп кетіп жатыр. Себебі қаланың маңайында жақсы комфортный школа салып қояды. Оны көреді телевизордан. Сосын осы жерден кетеді неге біздің бала неге осыған бармайды деп. Күрделі жөндеу болғанымен мектептің іштері суық. 3 сағат оқиды балалар. Көмір жоқ. Сосын да балалар кетіп жатыр.
РКС: Көтерілген мәселелер орынды, бірақ, қазынада қаржы жеткіліксіз. Әзірге аймақта 14 тармақ бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа қаражат толық бөлінген. Жол картасының әр тармағына жауапты депутат бекітілді. Жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысан құрылыстары мен жөндеу жұмыстарының орындалуына фракция мүшелері мониторинг жасап, рейдтер жүргізіп тұрады. Сайлауалды берген уәделерді орындауға байланысты депутаттық фракция мүшелері бар күш-жігерін салып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жұмыс істеп жатыр.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ