ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сппарымен Жақсы ауданында болып, өңірдің әлеуметтік және денсаулық сақтау нысандарын аралады. Одан соң тұрғындармен кездесті. Аудандағы жаңашылдықтар мен өзгерістер жайында тілші баяндайды.
РКС: «Қамқорлық» оңалту орталығы былтырдан бері аудандық аурухана базасында жұмыс істеп тұр. Аталған мекеме облыстың 7 ауданынан нейро-ортопедиялық кемістігі бар балаларға қызмет көрсетеді. Бас дәрігер Эльмира Нұралина бір жылға толар толмас уақыт ішінде 100-ге жуық баланы емдеп шығарғанын алға тартты. Тағы 540-ы амбулаторлық ем-дом қабылдап жатыр. Көптеген тұрғын көмек сұрап келеді, ешқөайсысының бетін қақпаған. Балалардың тиісті күтім алуы үшін жаңа мамандарды шақыртып, жағдай жасауда.
ИНТЕРШУМ:
У нас здесь от полутора до 18 лет дети, но мы никому не отказываем. Очень много детей с аутизмом обращаются, мы им не отказываем. Взяли в штат психиатра и детей тоже обслуживаем. – Возрастной категории? – Да, возрастной категории.
РКС: «Қазақстан Халқына» және «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорларының қолдауымен 241 миллион теңгеге қажетті жабдықтар сатып алынып, мамандар арнайы оқудан өтті. Жаңа жағдайлар, кадрлардың жеткіліктілігі алысқа ұзамай-ақ үйдің жанында білікті көмек алуға мүмкіндік береді,-дейді дәрігер. Сондай-ақ облыс әкімі былтыр салынып біткен блокты-модульдік қазандықтың жұмысымен танысты. Соның арқасында аудан орталығында жылумен қамтамасыз етіп келген 5 қазандық оңтайландырылды. Оған әлеуметтік нысандармен қатар көпқабатты 17 тұрғын үй қосылды. Спорт, денсаулық және бос уақытты пайдалану ауыл балалары үшін де қолжетімді болды. Мәселен, ауданда ойын аумақтары бар балалардың ойын-сауық орталығы ашылды. Одан соң Марат Ахметжанов тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысы цифрландыру тақырыбына ерекше назар аударды. Азаматтар жұмыс орындарында цифрлық платформаларды пайдаланып, уақытпен бірге ілесу қажеттігін атап өтті. Бұл мәселе агроөнеркәсіп кешені саласына да қатысты.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Келер жылға «Кең-дала 2» бағдарламасы бойынша 118 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қомақты сома. Бірақ оны кімнің өндірісі цифрландырудан өткен, солар алады. Шаруашылықтар ашық әрі оны тиімді пайдаланып жатқанын көрсетсе еш кедергі болмайды. Ол сіз бен біздің ақшамыз. Әрқайсымыз салық төлеушіміз. Соларға біз жеңілдетілген несие береміз, сондықтан біз ол ақшаның тиімді жұмсалуын талап етуге құқылымыз.
РКС: Кездесу барысында аудан тұрғындары жолдар мен мектептердегі жөндеуге қатысты сакуалдар қойды. Өзекті тақырыптар да назардан тыс қалған жоқ. «Сұрақ-жауап» ашық форматында өткен кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ