ДИКТОР: Көкшетаудағы "Enki" зауытында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Жұмысшы мамандықтар жылына орай "Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы" атты кездесу өтті. Онда облыстық ардагерлер кеңесі Ассамблеяның қалыптасуы мен жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы жайлы әңгіме өрбітті.
РКС: Никита Гайнутдинов құрылыс-технологиялық колледжінің 1-ші курс студенті. Болашақ құрылысшы. Бала кезінен құрылыс жұмыстарын көріп, бұл мамандыққа қызығушылығы оянған. Кездесуден кейін "ЕNKI" зауытын аралап, ерекше әсер алғанын айтты. Еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықты таңдағанына еш өкінбейді.
СНХ: НИКИТА ГАЙНУТДИНОВ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі кездесу маған ерекше әсер қалдырды. Біз мамандық таңдау үшін келдік. Мен болашақта құрылысшы болуды армандаймын. Зауытты аралап көріп, болашақта оның қызметкері болуды қалаймын.
РКС: Биыл - жұмысшы мамандықтар жылы. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды роль атқаратын еңбек адамдарының мәртебесін арттырып, олардың кәсіби дамуы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту. Ақсақалдар кеңесінің көздегені осы.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ақсақалдар кеңесі жастарды жинап, жұмысшылар жылының аясында үлкен әңгіме болды. Жастарға келіп таныстырып, айтып жатырмыз жұмысшы мамандығының қадірін. Мынау "Enki" зауаты біздің республикамыздағы ең ірі өндірістердің бірі. Жылына 100 миллионға жуық кірпіш шығарады. Көкшетаудағы мынау тамаша, көркем үйлердің, бой түзеп жатқан ғимараттардың барлығы осы зауыттың кірпішінен салынып жатыр.
РКС: Құрылысшы - тек ғимарат емес, болашақ тұрмыс пен тіршіліктің негізін қалап жүрген маман. Әрбір үйдің, мектептің және аурухананың артында құрылысшының маңдай тері мен адал еңбегі жатыр. Сондықтан шара соңында қадірлі маман иелеріне ардагерлер кеңесі алғыс хат табыстады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ