ДИКТОР: Биыл бағаны тұрақтандыруға облыстық бюджеттен 3 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Өндірушілермен және сауда нысандарымен тиянақталған бағалар бойынша мыңнан астам келісім-шарт жасалды. Қазір өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын нарықтағыдан төмендетілген бағамен ұсынатын 39 сауда нүктесі жұмыс істейді. Біздің түсірілім тобы қала тұрғындарынан баға саясаты олардың күнделікті өміріне қалай әсер ететінін сұрап білді.
РКС: Бағаны тұрақтандыру жүйесі жыл сайын қолданылады. Оның басты мақсаты – нарықтағы бағаның күрт өзгеруінің алдын алу және халықты қолжетімді бағада негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. Қала тұрғындарының қажеттілігін өтеу мақсатында алдын ала негізгі көкөніс түрлері дайындалды. 4 мың тоннадан астам картоп, мың тоннадай сәбіз, мың тоннаға жуық қырыққабат және 800 тоннаға жуық пияз әзірленді.
СНХ: ӘНУАР ҚАЛЫМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында күн сайын бағаға мониторинг жүргізіледі. Дүкен сөрелеріндегі тауарға 15 проценттен жоғары үстемені асыра қолдану деректерін анықтау жұмыстары атқарылады. Мониторинг нәтижелерін талдау азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері бағаны тұрақтандыруға қатысты 70-ке жуық отырыс өткізіліп, 150-ден аса заң бұзушылық дерегі анықталды. Анықталған барлық факті бойынша заңды белден басқандарға қатысты тиісті шара қолданылды.
РКС: Көкшетау қаласының тұрғындары облыстағы баға саясаты туралы өз пікірлерін білдірді. Бағаны Қазақстанның барлық аумағындағы азаматтар үшін тұрақтандыру әлеуметтік тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.
БЛИЦ: БЛИЦ-ОПРОС: В целом, чувствуете Вы, что цены стали более стабильными на рынке? – Стабильные, нормальные цены, зарплата сейчас маленькая, но пойдет, жить можно. Какие продукты Вы чаще всего берете? – Мясо, картошку, лук.
- Стабильные цены дают мне больше уверенности, я могу планировать свой доход заранее. Я думаю, продукты питания, овощи, которые необходимы для жизни должны оставаться доступными.
- В принципе какие я продукты употребляю, в принципе я всегда их смогу купить. Я могу себе это позволить, достаточно средств. - Какие товары по вашему мнению должны оставаться доступными в первую очередь? – В первую очередь – это хлеб и мясо.
РКС: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілген негізгі 19 азық-түлік өнімі тұрақтандыру қорының бағасымен сатылуда. Мәселен, он дана тауық жұмыртқасы 440 теңгеге, ал сиыр етінің бір килосы 2 700 теңгеге саудалануда. Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен 186 жәрмеңке өткізілді. Сондай-ақ елорда халқы үшін 3 облыстық жәрмеңке ұйымдастырылды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ