ДИКТОР: Көкшетауда «Заң және тәртіп» тақырыбында бірегей фотокөрме ашылды. Ол жерге сурет арқылы тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы бейнеленген. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі олардың маңызды ролі айшықталған.

РКС: Көрмедегі 30-дан астам жұмыстың бәрінде түрлі бөлімшенің нақты қызметі бейнеленген. Әр сурет тәртіп сақшылары қызметінің қиын да жауапты кезеңінен сыр шертеді. Қаладағы «Жас Сақшы» полиция сыныбының оқушылары фотокөрмені тамашалауға келушілерге экскурсия жасады.

СНХ: ӘДИНА ЖАНҒАЛИ, «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫНЫҢ ОҚШЫСЫ: Мен алтыншы әскери-заң сыныбында оқимын. Ақмола облысы бойынша мамандандырылған үш сынып жұмыс істеп тұр, ол жерде оқушыларды медицинаға үйретеді. Біздің сыныпта өте жайлы, 40-тан астам шәкірт Отанға адал болуға ант беріп, куәлік алды. Бәріміз ұйымшылмыз, бір-бірімізді тез түсінеміз. Маған өте қолайлы әрі жайлы.

СНХ: НҰРЖАН ЕШІНБАЙ, СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: 2024 жылы номер 11-ші мектеп-гимназиясы жанында базасында осы жылдың басында ашылған болатын. Сонымен қатар осы жыл бойы көптеген іс-шараларға қатысып, осы болашақ мамандыққа деген ұстанымын және оған бағыт көрсете білдік. Сонымен қатар жасақшы полициясы мен оқушылар 2025 жылы 23-ші маусымда өткен Қазақстан Республикасының ұшқыстер министрлігінің күніне арналған президенттің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен концертінде өздерін көрсете біліп, Президент алдында өздерін көрсеткен болатын.

РКС: «Заң және тәртіп» фотокөрмесі тәртіп сақшыларының жұмысын көрсетумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қоғам мен құқық қорғау органдарының арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті қалыптастырады. Екіншіден, жастардың болашақ мамандыққа қызығушылығын арттырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Бұл фотокөрмені қоюдағы мақсатымыз азаматтарға өзіміздің қызмет барысын көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі байланысымызды ашып көрсетіміз келеді. Бұл көрме арқылы бұнда барлық ішкі істер орғандарына қатысты қызметкерлердің фотосуреттері көрсетілген. Ол тергеу басқармасы, ювеналды полиция, және басқа арнайы қызметтердің қызмет атқару барысы суретте көрсетілген. Осыған қарап біз жастарға шікі істер орғандарына келуді және оларға патриоттық сезім оятып, осындай жетістіктерді көрсеткіміз келеді

РКС: Жобаның алдағы жоспары көп. Көкшетаудағы мектептерде мамандандырылған полиция сыныптарын ашу жұмысы жалғаспақ. Ол жерде өскелең ұрпақ Отанға қызмет етуге дайындықтың қыр-сырын меңгеріп, патриотиз рухында тәрбиеленеді, темірдей тәртіпке үйренеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖАНДОС САЙЛАУ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ