ДИКТОР: Көкшетауда облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген VIII пленумы өтті. Онда өңірдің әр түкпірінен келген аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауын жан-жақты талқылады. Өңірде мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Кездесу барысында қатысушылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауынның әр тармағына тоқталып, өңірде қандай жұмыстар атқарылып жатқаны және алдағы уақытта қандай жобаларды қолға алу керектігін талқылады.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Тарау-тараумен көрсетіп берді. 7 үлкен мәселені көтерді. Соны біз бүгінгі күні ақсақалдар кеңесінің төрағаларымен пленум мүшелерімен талдап, халыққа жеткізіп, әрі қарай насихиттау топтарын құрып, тұрғындармен кездесеміз. Қазақстанымыздың өркендеуіне, Қазақстанымыздың әрі қарай дамуына үлес қосады деп сенеміз. Заман талабына сай белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды. Қарттарды жаңа заман талабына сай соларды икемдеу үшін компьютерлік класс бар. Сол жердегі жаңағы қарттарды оқытып жатырмыз. Компьютермен цифрлық технологияларды үйренуге толық мүмкіншілдік жасалған.
РКС: Жиын барысында өңірдің 18 мың аға буын өкілін қолдау, олардың өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізу мен қоғамдағы белсенділігін арттыру мәселелері жан-жақты қаралды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жыл басынан бері ардагерлер кеңесі жүзеге асырған жұмыстарын да тілге тиек етіп, алдағы жоспар айқындалды. Сондай-ақ, көпшілік алдында өңірдің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан бір топ аға буын өкіліне алғыс айтылды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ