ДИКТОР: Шағалалы су қоймасына тұқының 20 мың шабағы жіберілді. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі акцияны бұл жолы аңшылар мен балықшылардың Көкшетаудағы қоғамы ұйымдастырды.

РКС: Шағалалы су қоймасында тұқы, чебак, табан және судак балықтары бар. Жаңадан жіберілген шабақтар суық түскенше жаңа ортаға бейімделіп кетеді. Болашақта бұл су айдынында толығымен жетіледі.

СНХ: АҚЫЛБЕК ЖҮСІПОВ, КӨКШЕТАУ АУДАНАРАЛЫҚ АҢШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ ҚОРЫҚШЫСЫ: Шағалалы су қоймасы ең таза су айдыны саналады. Меніңше олар мұнда емін-еркін қозғалады. Жыл сайын шабақ жібереміз. Шабақтарды Зеренді балық тәлімбағынан алдық. Әрқайсысының салмағы 30-35 грамм. Бір жыл ішінде 500-600 грамға дейін жетеді.

РКС: Жазғы уақытта суда оттегі жеткіліксіз, балық тұншығып кетуі мүмкін. Сондықтан өзен-көлдерге шабақтар күз мезгілінде жіберіледі. Нағыз қолайлы уақыт осы кезең, -дейді мамандар. Бұл мақсатқа осы маусымда 1 миллион теңге жұмсалды. Қорықшылар су қоймасының жай-күйіне жауапкершіліктен қарайды.

СНХ: ШАЙМҰРАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, КӨКШЕТАУ АУДАНАРАЛЫҚ АҢШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ ҚОРЫҚШЫСЫ: Бұл су айдыны бізге бекітіліп берілген. Күн сайын, нақтырақ айтсақ күні-түні күзетеміз. Қазір кезекшілік тізімі жасалған. Өйткені, кейбір жосықсыз балықшылар балық аулау инспекциясы мен аңшылық қоғамының тыйым салған ауларын пайдаланады. Біздің қорықшылар құрамы, волонтерлердің қосымша көмегімен су айдындарын қоқыстан тазартамыз. Өйткені, кейбір ұқыпсыз демалушылар ластап кетеді.

РКС: Су айдынына шабақтар тезірек жетіліп, көбейсін деген ниетпен жіберіледі. Осылайша, қорықшылардың тынымсыз еңбегінің арқасында балықтардың популяциясы артып, су қоймасының санитарлық жағдайы жақсарады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ