ДИКТОР: Президенттің биылғы Жолдауы еліміздің дамуына тың серпін беретін маңызды құжат. Ел болашағы – жастар десек, білім ордаларында бұл Жолдауға айырықша назар аударылуда. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары мен студенттері Жолдаудың басым бағыттарын орындауға өз үлестерімізді қосамыз деп отыр.
РКС: Президент Жолдауы – ел дамуындағы маңызды бағыттарды айқындап берген бағдаршам іспетті. Жоғары оқу орындары сол бағытпен алға жылжуға дайын екендерін айтуда. Ең бастысы – білімді, елжанды, жаңашыл жастарға сенім артылып отыр. Бұл сенімді ақтау – баршамызға ортақ міндет-дейді білім алушылар. Президент Жолдауында білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе, техникалық және ІТ мамандықтарына басымдық берілуі – заман талабына сай шешім.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Яғни Жолдауда Президентіміз әсіресе қазіргі Қазақстан қоғамындағы жасанды интеллектке оны қолдану цифровизация соған қатты мән беріп отыр. Жасанды интеллект адамзаттың бүгінгі күнгі айнымас серігі, қалай айтсақ та жасанды интеллект ол өте керек. Барлық қоғамның даму сатыларында пайдаланылып жатыр. Осыған байланысты менің айтайын дегенім Шоқан Уәлиханов атындағы университетте де Ай-сана үлкен жобасы бар. Осы жоба бойынша шет елдің озық университеттерінен ғалымдарды шақыртып, арнайы курстардан біздің оқушыларымыз өтіп, жаңашыл жобалардың бастамасына ұйытқы болып отыр. Өйткені жасанды интеллект қоғамның қандай,қандай саласында болсын ол адамзаттың интеллектуалдық ой-өрісіне қатты әсер етіп отыр.
СНХ: ИНАБАТ БОЛАТБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Жасанды интеллект қазіргі заманның уақыт талабы. Алдағы уақытта бұл саланы тек ғылым мен білім саласында емес, экономика саласында дамытсақ өте күшті болады. Осы үрдістерді бұрын смартфон арқылы пайдаласақ қазіргі кезде жасанды интеллектіні пайдалантын болдық. Біз жасанды интеллектіні одан сайын дамытып, нәтижелі деңгейге жеткіземіз деген ойдамын.
РКС:Мемлекет басшысының ғылым мен инновацияны қолдауы – жас ғалымдарға да үлкен мотивация. Университет ұжымы бұл Жолдауды нақты істермен қолдауға дайын. Болашақ мамандардың ел дамуына үлес қосуы – біздің басты міндетіміз. Өзіміздің біліміміз бен білігімізді еліміздің игілігі үшін жұмсауға дайынбыз дейді-студенттер.
СНХ:ЕҢЛІК САЙЛАУ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Оның ішінде маған көбірек ұнағаны ауыл шаруашылығына,халықтың тұрмыс тіршілігіне көптеп көңіл бөлгені болды.Ең басты құндылық адам демекші, денсаулық жағдайын да көңіл бөлді. Сонымен қатар көп проблемалық жағдай тудырып жатқан су мәселесі. Қазіргі кезде 40 пайыз су құмға сіңіп кеткен. Сондықтан да ауыз су мәселесі тапшылығы оның ауыл ашруашылығына да қажеттілігін ұмытпауымыз керек.
СНХ: НАЗЫМ СЕРІК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Адам дамуы туралы стратегиялық инвестицияны тілге тиек еткім келіп отыр. Президенттің айтуы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың балабақшада білім алғаны дұрыс. Әрбір бала көзі ашық, көкірегі ояу өсу керек бала балабақшаға барып білім алып, тәрбие алуы маңызды деп есептеймін.
РКС:Президент Жолдауында белгіленген мақсат-міндеттер – білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің жаңа кезеңі. Жоғары оқу орындары осы бағытта белсенді жұмыс істеуге әзір.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫР ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ